Талдықорған: +10°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ

01.11.2020
КҮНДЕРЕК
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласындағы аулаларды абаттандыру кезінде кеткен кемшіліктерді сынға алып, ретке келтіру үшін мүмкіндік пен уақыт берді. Тұрғындардың шағымынан соң аймақ басшысы Қабанбай батыр мен Гагарин көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй аулаларына арнайы барып, жасалып жатқан жұмыстармен танысты.

Мұнда атқарылған жұмыс облыс әкімінің көңілінен шықпады. Құрылысын жүргізген «Асыл-Тау» ЖШС-ға, Талдықорған қаласы әкімдігі мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне айтылған сынға қатысты тапсырма жүктеген Амандық Ғаббасұлы алаңдарды жеке-жеке тексеріп, әрқайсынан кемшілік тапты. Айталық, «Жалға Талдықорған» жеке пәтер иелерінің кооперативіне қарасты екі ауладағы ойын алаңдары еш қажеттілігі жоқ темірмен қоршалған. Темір қоршаудың ұзындағы 510 метрді құрайды. Облыс әкімі балалар ойнайтын жердегі басы артық темір қоршауды мал қамайтын қораға ұқсатты. Жіберілген кемшілікті тез арада түзеуді тапсырды.

— Жасағанда кішкене ойланбайсыңдар ма? Қанша ақша кетті? Мына жерге темекі тасталған. Бұл қоршау кімге керек? Кішкентай балаларды бір жерге жинамақсыңдар ма?! Ана жерге, иә, доп ұшып кетпеу үшін қоршау қажет шығар. Ал мынау енді артық шығын! Оның үстіне орын алып тұр, – деген Амандық Ғаббасұлы қала басшылығына сын айтып, 100 миллон теңге бөлінген ауланы сапалы әрі әдемі етіп көркейтуге болатынын жеткізді. Тез арада комиссия құрып, бастан-аяқ тексеріс жүргізуге пәрмен берді.

Аталмыш аулаларды абаттандыру туралы ұсыныс Талдықорған қаласы әкімінің есебінде айтылған. Облыс әкімі Амандық Баталов тапсырма беріп, қомақты қаржы бөлінді. Көктемде басталған аула құрылысы әу бастан тұрғындардың көңілінен шықпай, осында тұратын Сабыр Мақажанов есімді журналист бейнешағым жолдайды. Осыдан соң тексеруге келген аймақ басшысы шағымның орынды екеніне көз жеткізді.

— Осы жылы аулаға деп тек Талдықорған қаласы үшін 1,5 миллиард теңге ақша бөлдік. Мұндай жағдай қашан болып еді? Былтыр жергілікті бюджеттен 1 миллиард 22,5 миллион теңге қаралды. Халық рахмет айтатындай әдемі қылып жасауға болады ғой. Тас жол да дұрыс төселмеген. Үстінен тағы бір жұқа қабат жабынды төселуі керек еді. Мына салған жол бір жылдан кейін быт-шыты шығады. Шұңқырға  жиналған суды қара, тіпті, шомылуға болады, – деген Амандық Ғаббасұлы кедір-бұдыр жолдың да дұрыс жасалмағанына налыды.

Аталған кемшіліктер бір ай мерзімде жойылатынына уәде берген Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарушалық бөлімнің бас маманы Мадияр Нұрахметов:

— Бұл өзі дауы көп аула. Аталған жоба, құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 15 сәуір күні аяқталуы керек болған. Мердігер компания «Асыл-Тау» ЖШС уақытында өткізбегендіктен Талдықорған қалалық ТҮКШ ауданаралық экономикалық сотына талап-арызбен жүгінген, – деді.

Айта кетейік, Талдықорған қаласы бойынша бас-аяғы 53 аула күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Аулаларды абаттандыруға кейінгі бес жылда бөлінген қаржы бес есеге ұлғайған. Облыс әкімі шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымовқа аулаларды апта сайын аралауды тапсырды. Ал нәтижесін көру үшін қараша айының соңы мен желтоқсанның басында Амандық Ғаббасұлы өзі қайтадан тексеретінін айтты. Кеткен кемшілік қалпына келмеген жағдайда шағым прокуратура мен қаржы органдарының құзырына жөнелтілетін болып шешілді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — «Жетісу» телеарнасынан

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.