Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АНА ТІЛІНІҢ АБЫЗ АНАСЫ

13.10.2024
КҮНДЕРЕК
АНА ТІЛІНІҢ АБЫЗ АНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ол – сөз тарихына, оның әсемдігі мен сазына, әуеніне, қолданылу мәдениетіне терең бойлап, білгірлікпен талдау жасаған бірегей тұлға, ірі ғалым. Сөздің мәнін ашуға да, көне жазбаларда қалай қолданылғандығын анықтауға да зор үлес қосты. Ана тілінің абыз анасын құрметтеп, ұлықтау ұлт ұландарының мәңгілік міндеті. Осы ретте қаладағы Тіл сарайында қоғам қайраткері, лингвист Рәбиға Сыздықтың озық тәжірибесін зерделеу және қорыту, өмір жолымен таныстыру мақсатында «Ғылым мен ғұмыр» атты облыстық ғылыми семинар өтті.

Рәбиға Сыздық Ақтөбе облысына қарасты Ойыл қалашығында дүние есігін ашады. Әкесі Сәтіғали Құтқожин төңкеріске дейін орысша оқыған, көзі ашық адам болған. Балаларын қазақ мектептерінде оқытқан. Почта бастығы болып тұрғанында 1937 жылы ұсталып кетіп, қайтып оралмаған. Анасы Жеміс пен әкесінің Еркінғали деген тете інісі Рәбиғаның қара танып, білім алуына айтарлықтай үлес қосады.

Ол Темір педучилищесінде білімді педагог Бақытжан Алтыбаевтың ұстаздық тәрбиесін көріп, қанаттанып жетіле түседі. Рәбиғаның ана тілінің маманы болуына танымал мұғалім ықпал еткен. Қызмет жолын сол кездегі Алға поселкесінде бастауыш мұғалімі болып бастаған бойжеткен, соғыс жылдарында Темір, Ақтөбе қалаларындағы мектептерде мұғалімдік қызметін жалғастырады. Соғыс аяқталған соң Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің ІІІ курсына қабылданады. Оқуды 1947 жылы бітіріп шығады да осы институттың аспирантурасына түседі.

Семинар барысында тіл үшін аянбай терін төккен ерен тұлғаның өмір тарихы кеңінен насихатталып, студенттерге жан-жақты таныстырылды. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Маржан Әділбек ғалымның өмір жолына, ғылымға қосқан үлесі мен ашқан жаңалықтарына шолу жасады.

 – Рәбиға Сыздық 1948 жылы түрік, француз тілдерін жақсы білетін, халықаралық право саласынан қазақтан шыққан алғашқы ғылым кандидаты, дипломат Мақаш Сыздықовқа тұрмысқа шықты. Олардың Әсет есімді ұлдары болды. Ол да әке жолын қуып шетелдерде дипломаттық қызмет атқарды. Мақаш қайтыс болғанда жалғыз ұл небәрі 5 жаста еді. Кейіннен Рәбиға апамыз ақын, халық артисі Шахан Мусинге тұрмысқа шығады. Бірақ тіл жанашыры алғашқы күйеуінің тегінде қалады, – дейді мемлекеттік тіл оқытушысы.

Рәбиға Сыздық қазақ тілі тарихы мен грамматикасы, жазба ескерткіштердің тілі, стилистика, тіл мәдениеті бойынша зерттеулер жүргізіп, ғылыми еңбектер жазды. Сонымен қатар, орфографиялық сөздік, емле ережелерді құрастыруда жетекшілік етті. Ғалымның «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Абайдың сөз өрнегі», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы» еңбектері ғылыми ортада әлі де маңызын жойған жоқ.

– Ахмет Байтұрсынұлы жайлы айтамыз ғой, тіл білімнің атасы деп. Ал Рәбиға Сыздық қазақ тілінің негізін қалап тұрғызған абыз анасы. Бұл кісі туралы айтпау қате. 100 жылдық мерей – тойына орай ұйымдастырылып отырған семинардың орны бөлек. Академиялық еңбек бойынша әлі зерттеу керек дүние көп. Солардың орындалуы, әрине, біздің тіл жанашырларының міндеті деп білем, – дейді  Маржан Әділбек.

Шара аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты Айгерім Молдабаева Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сыздықтың тіл мәртебесі туралы мақалаларына шолу жасап, ғалымның қазіргі қазақ әдеби тіліндегі дублеттер, орфоэпиялық норма, көркем аударма, қазақ тілінің қазіргі жағдайына қатысты зерделі зерттеулерінің өміршеңдігіне тоқталды. Ал І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант Айдын Алтай «Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі» атты баяндама оқыды.

Семинарда мектеп қабырғасы мен жоғары оқу орындарында арнайы Рәбиға Сыздықтың еңбектерін тереңірек оқыту үшін пән ретінде енгізу туралы ұсыныс айтылды. Бұл болашақтың еншісіндегі жұмыс болса да үлкен мәнге ие екенін айта кеткен жөн.

Медет ЖҰМАБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.