Талдықорған: +7°C
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ғани Бейсембаев ұстаздарды марапаттады

05.10.2024
КҮНДЕРЕК
Ғани Бейсембаев ұстаздарды марапаттады
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаздардың кәсіби мерекесінде елордада оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен салтанатты шара өтті.

Педагогтерді төл мерекелерімен құттықтаған министр оларға ұстаз мамандығына адалдық танытып, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.

«Сіздер зор мәртебелі, сонымен қатар халық алдында жауапкершілігі аса жоғары айрықша мамандық иесісіздер! «Ұстаздық – мамандықтың төресі» дейді дана халқымыз. Әйгілі қолбасшы Александр Македонскийден «Сіз неге әкеңіз Филипп патшадан гөрі, ұстазыңыз Аристотельді көбірек қадір тұтасыз», — деп сұрағанда, «Әкем менің тәнімді тәрбиелеп, көктен жерге түсірді, ал ұстазым менің жанымды тәрбиелеп, жерден көкке көтерді», — деген екен. «Әділетті Қазақстан — Адал азамат — Озық ойлы ұлт» тұжырымдамасын іске асыру ұстаздардың ел болашағы үшін атқарар қызметінің ауқымын кеңейтіп, маңыздылығын арттыра түсті. Себебі ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ұстаз қызметімен тікелей байланысты. Сондықтан да, кәсіби мереке күніне орай, осындай аса мәртебелі де жауапты міндетті мойнына алып, бар ынта-ықыласын, күш-қуатын жас ұрпақ тәрбиесіне арнап жүрген Сіздердің еңбектеріңізге шексіз ризашылығымды және зор алғысымды білдіремін», — деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында педагог мамандығының беделін арттыру бойынша орасан зор шаралар жүзеге асырылды. Биылғы жылы «Ұстаз мәртебесі» туралы заңның қабылданғанына 5 жыл толады. Осы уақыт аралығында мұғалімдердің айлығы екі есеге көтерілді, олар қағазбастылықтан, артық жүктемеден, өз міндетіне жатпайтын жұмыстан босатылды, жаңа ынталандырулар белгіленіп, мүмкіндіктерге жол ашылды.

Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымының, материалдық-техникалық базасының жоғарғы талаптарға сәйкес жақсаруы мен жабдықталуына бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мемлекет тарапынан білім саласына соңғы жылдарда көрсетілген қамқорлықтың айқын мысалы бола алады.

Ғани Бейсембаев кәсіби жетістіктерге жеткен және оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен педагогтерді «Ы.Алтынсарин», «Құрмет», «Білім саласының үздігі» және басқа да ведомстволық наградалармен марапаттады.

Салтанатты шарада жерлесіміз Жетісу облысы Алакөл ауданы І.Жансүгіров атындағы  мектеп жасына дейінгі шағын орталығы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжегүл Калияева ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шара соңында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 171 мың өтініш орындалды

«Ұлттық қор – балаларға»: 171 мың өтініш орындалды

07.12.2025
Тасқаладан шыққан Тасқамал

Тасқаладан шыққан Тасқамал

07.12.2025
«Жетісу» Бразилияда

«Жетісу» Бразилияда

07.12.2025
Баршаға бірдей бауырмал

Баршаға бірдей бауырмал

07.12.2025
Өз дәуірінің көзі

Өз дәуірінің көзі

07.12.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.