ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен 22-26 шілде күндері республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді.
Ондағы мақсат – халықтың діни сауатын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Жиындарға «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, аға оқытушы Алау Әділбаев, ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры, PhD докторы Алмасбек Шағырбай, Теология ғ.магистрі, сарапшы Жандаулет Cүлейменов, Президент жанындағы жастар кеңесі мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы, PhD докторы Елнар Берікбаев, Дінтанушы, гуманитарлық ғ.магистрі Тұрсынғали Әліп секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Олар Талдықорған, Текелі қалаларында және Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандарында болды. Халық арасында «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері», «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері», «Зайырлы мемлекет ұлт пен дін тұтастығының кепілі», «Ұлт пен дәстүр» және тағы басқа тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, жаттықтырушылары мен спортшылары, қандастар мен өзгеде этнос өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз жастарды, ауыл тұрғындарын, мешіт жамағаттары қамтылды.
«Жетісу-Ақпарат»