Қарасай ауданының аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімдерді тасымалдау және сақтау фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны ұсталды.
Заңсыз спирт өнімін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері арнайы рейд кезінде тапты. Іздестіру шараларына Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаменті және Қарасай ауданы полиция басқармасы да атсалысты.
Zakon.kz сайтының мәлімдеуінше, 12,2 тонна көлеміндегі ерекше иісі бар спирттік сұйықтықты «Вольво» маркалы автокөлігі тасымалдап келе жатқан. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





