Текелілік армрестлингтен чемпион Әлімбек Ынтымақ референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол №445 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық парызын орындады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Белгілі спортшы: «Ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаларға әрбір азаматтың белсенді қатысуы қажет», – дейді. Оның айтуынша, қоғамның болашағы тек билікке ғана емес, қарапайым халықтың да таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан мұндай тарихи сәттерде әр адамның пікірі маңызды екенін атап өтті.
Әлімбек Ынтымақтың бұл қадамы спортшылардың тек жарыс алаңында ғана емес, қоғам өмірінде де белсенді, елжанды тұлға екенін айқын аңғартты. Оның азаматтық жауапкершілігі мен елдік іске жанашырлығы жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.





