Талдықорған: -7°C
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ас атасына адалдық

24.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Ас атасына адалдық
WhatsAppTelegramFacebook

Бір тілім нанның қадірін білген халқымыз ежелден «ас атасын» қастер тұтқан. «Дастарқанында наны жоқтың, тамағында сәні жоқ» деген сөздің астарында молшылық пен берекенің белгісі жатыр. Ал сол берекенің артында наубайшылардың маңдай тері мен адал еңбегі тұрғанын көбіне ескере бермейміз.

Сарқан қаласындағы «Ардагер» наубайханасының басшысы Әсем Қалабаева – еңбегімен елге танылған кәсіпкердің бірі. Алмалы ауылының келіні, Бірлік ауылының тумасы, мамандығы бойынша сүт өнімдерінің технологы. Жұмыссыз жүрген кезінде үйде нан пісіріп сатуға кіріскен. Кейін сұраныс артып, жеке наубайхана ашуды мақсат етеді. Бүгінде кәсіпорын Сарқан ауданымен қатар көршілес Ақсу ауданының бірқатар ауылын да нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Жеті жыл бұрын шағын ғана бастамамен ашылған наубайханада қазір алты адам еңбек етеді. Оның төртеуі – наубайшы, екеуі – жүргізуші.

– Кәсібімді алғаш екі қап ұнмен бастадым. Бір қап ұннан шамамен 130 бөлке нан шығады. Қазір Сарқаннан бөлек Ақсу ауданының Қаракемер, Қызылту, Қызылтаң, Сағабүйен, Қарашілік ауылдарына өнім жеткіземіз. Нанның сегіз түрін – батон, плетенка, лепешка, сайка, заводской, үй наны, қалаш және түрлі тоқашты дайындаймыз. Соңғы уақытта қазанжаппа пісіруді де қолға алдық, – дейді Әсем Тынысбекқызы.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл салаға кездейсоқ келмеген. Алғаш тандыр нан пісіріп, оны Сарқан мен Жансүгірдегі тұтынушыларға жеткізіп жүрген. Сол кезден бастап үлкен наубайхана ашуды армандаған. Бүгінде сол арманы жүзеге асып, кәсібінің арқасында шаңырақ көтеріп, тәжірибе жинақтаған.

Наубайханада ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан Күләтай Асқанбаева мен Нұргүл Әубәкірова өз ісінің шеберлері. Жасы жетпіске таяған Күләтай апа жас буынға тәжірибесін үйретуден жалықпайды. Көпбалалы ана Қарлығаш Аятбекова да ұжымға жаңадан қосылып, кәсіби машығын шыңдауда.Ал ыстық нанды елге дер кезінде жеткізіп жүрген Ерденбек Ілиясов пен Қасым Ерқасылұлы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.

Бүгінде наубайхана бес отбасының нәпақасын айырып отыр. Әсем Қалабаеваның алдағы жоспары – өнім сапасын одан әрі арттырып, нан өндірісінде озық тәжірибе жинақтау.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Бір отбасы 60 мың қызғалдақ өсірді

Бір отбасы 60 мың қызғалдақ өсірді

25.02.2026
Жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

25.02.2026
«Аттап бассаң, алаяқ»: Қаржы басқаруды қазірден бастаңыз

«Аттап бассаң, алаяқ»: Қаржы басқаруды қазірден бастаңыз

25.02.2026
«Дайыровтың дабыры»: Талдықорғандағы атышулы көше жөнделеді

«Дайыровтың дабыры»: Талдықорғандағы атышулы көше жөнделеді

24.02.2026
Жаңа Конституция өзегі – цифрлық қауіпсіздік

Жаңа Конституция өзегі – цифрлық қауіпсіздік

24.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.