Талдықорған: +33°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ащы тердің тәтті жемісі

Халық арасында «екінші нан» аталған картоп күнделікті тұтынуда ерекше орын алады. Оның құрамындағы крахмал мен дәрумендер адам ағзасына пайдалы. Экономикалық тұрғыдан да табысты бағыт саналатын бұл дақылдың өзіндік құны төмен, сұранысы жоғары. Сонымен қатар, мал азығы ретінде де қолданылады. Шаруаларға тұрақты табыс көзі саналатын картоп жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда.

13.09.2025
КҮНДЕРЕК
Ащы тердің тәтті жемісі

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

– Биыл облыста 6250 гектар жерге картоп егілді. Оның 3692,1 гектары шаруашылықтарға, 2557,9 гектары жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Бүгінгі күнге дейін 2,7 мың гектар немесе 43,7 пайызы жиналып, 57,4 мың тонна өнім қамбаға құйылды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы 56,8 мың тоннадан сәл жоғары. Орташа өнімділік гектарына 209,9 центнерді құрады (былтыр 208,2 центнер). Егін жинау жұмыстары әлі жалғасып жатыр, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Аманбек Қасымов.

Ескелді ауданында биыл 53408 гектар жерге масақты дәнді, майлы дақылдар, картоп, көкөніс пен бақша өнімдері, мал азығы және қант қызылшасы егілді. Оның ішінде 1116 гектарға картоп себілді. Қазірдің өзінде 910 гектары жиналып, 18883 тонна өнім алынған. Орташа түсім гектарына 207 центнерді құрады.

– Ауданда мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетіліп, диқандарға субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер берілуде. Биыл 888 млн. теңгеге 56 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Көктемгі дала жұмыстарына 428,5 тонна жанар-жағармай бөлініп, толық жеткізілді. Күзгі науқанға 270,8 тоннаға өтінім беріліп, бүгінге дейін 13 шаруашылық 152,9 тоннасын алып үлгерді. Қалған бөлігі бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан бойынша 5 900 тонна минералды тыңайтқыш жоспарланған, қазіргі таңда 5 076 тоннасы алынып, жоспардың 86 пайызы орындалды, – дейді аудан әкімінің орынбасары Айдын Исабеков.

Ауыл шаруашылығы тұрақты даму жолына түскен ауданда қазіргі уақытта 1 842 шаруа қожалығы, 27 ЖШС, 11 өндірістік кооператив, 6 сервистік-дайындау орталығы және 31 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Солардың ішінде көкөніс өсірумен айналысатын «Нам» шаруа қожалығы өңірге танымал. Бүгінде олардың алқаптарындағы картоп, жүгері, қант қызылшасы мол өнім беруде.

– Биыл 50 гектарға картоп септік. Жаздағы аптап суды көп қажетсінетін дақылдарға қиындық тудырды. Дегенмен, тынымсыз еңбектің арқасында шығынға батпадық. Болжам бойынша гектарынан 208 центнерден өнім аламыз, – дейді қожалық жетекшісі Виктор Нам.

Жалпы алғанда, биыл картоп өндірісі облыс көлемінде де, Ескелді ауданында да тұрақты өсім көрсетті. Орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Мемлекеттік қолдаудың арқасында техника жаңартылып, жанар-жағармай мен тыңайтқыш толық жеткізілуде. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттырып, жергілікті халықты сапалы өніммен қамтуға және аудан экономикасын нығайтуға жол ашып отыр.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

10.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады

10.07.2026
ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.