Бүгін, яғни, 15 сәуір — Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күні. Қазақстанда тойланатын Ғашықтар күніне орай Талдықорған қаласында «Менің отбасым» атты кіші архитектуралық форма орнатылды.
Жаңа нысанның мағынасы терең. Мұнда бейнеленген ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Архитектуралық нысанда бұдан бөлек, шаңырақ, ата-ана, жүрек, Жетісу мен Эйфель мұнаралары бейнеленген. Жаңа нысан Алматы облыстық Журналистер үйінің ауласында орнатылған. Қол ұстасқан ғашықтарға, ерлі-зайыптыларға естелік суретке түсу үшін таптырмас орынның бірі саналады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





