Талдықорған: +15°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қасиетті қара жерден нәсіп жиған

19.11.2024
КҮНДЕРЕК
Қасиетті қара жерден нәсіп жиған

Халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін ауылшаруашылық саласының жетістігі көп. Мемлекет қолдауының нәтижесінде бұл сала жаңа деңгейге көтерілді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жүйелі атқарылса, ел экономикасының дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына септігін тигізеді.

Нәсібін қасиетті қара жерден жиған еңбеккерлердің еңбегі ерен. Диқаншылар ала жаздай бел жазбай киелі жерден мол өнім алуды ойлап, тынымсыз тер төксе, малшылар төрт түліктің санын арттыру мақсатында күндіз-түні аттан түспей, еңбек етуде. Тынымсыз тіршіліктің арқасында ғана отандық аграрлық сектор күннен күнге дамып келеді. Қысқасы, төскейінде төрт түлігін өсірген малшылар  мен алқабында егінін жайқалтқан диқаншылар қауымының, жалпы ауылшаруашылығы саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан жандардың ерен еңбегінің нәтижесінде биыл облыстың көрсеткіші көңіл қуантады.

Қант қызылшасымен танылған жер жаннаты Жетісу аймағының ауылшаруашылық саласында да біршама даму мен жетістік бар. Ауылшаруашылығы жерлерін пайдалану мен бөлуде облыс аумағында ашықтық пен тиімді механизмі қолданылды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдап, олардың өнімдерінің өту мүмкіндігін кеңейту үшін барлық жағдай қарастырылған. Ең бастысы – шаруалар заманауи техникалар алып, технологияны меңгеріп, жұмысты нәтижелі атқаруда. Осы тұста «Ауыл» партиясының экономикалық стратегиясы Қазақстанды аграрлық державаға айналдыруға негізделгенін ерекше атап өткім келеді.

Қазақстанның аграрлық державаға айналуы агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аймақтар әлеуетін толық ашатын жағдайды қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің ақша-несие, салық және кедендік-тарифтік саясаты ауылшаруашылығын дамытуға бағытталады. Бұл ауылда өмір сүру мен жұмыс істеу жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылып, айрықша ресурстар жұмсалды. Аталған қағидат ауылшаруашылығын дамытуға арналған шаралар, фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдауға, ауыл инфрақұрылымына, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын инвестициялауға, сонымен бірге ауыл жастары үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, мүмкіндік жасайтын уақыт келгенін ұмытпағанымыз жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екенін атап көрсетті.  Сондықтан осындай еңселі еңбектің майданында жүрген майталмандар қандай құрметке де лайықты. Осы мерейлі мереке қарсаңында адал еңбек етіп жүрген азаматтардың қамбалары астыққа,  шаңырақтары шаттыққа толсын деп тілек айтқым келеді.

Айбек ИСКАКОВ,
«Ауыл» партиясы Жетісу облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы,
облыстық мәслихаттың депутаты

Фото: gov.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.