Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АСҚАР ТАУ ӘКЕ – ЗЕРЕК БАЛА, ДАНА ЕНЕ – ДАРА КЕЛІН

19 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
АСҚАР ТАУ ӘКЕ – ЗЕРЕК БАЛА, ДАНА ЕНЕ – ДАРА КЕЛІН
WhatsAppTelegramFacebook

Д. Рақышев атындағы облыстық филармония сахнасында отбасылық тәрбиені насихаттауға арналған «Дана ене – дара келін, Асқар тау әке – зерек бала» атты облыстық байқау өтті. Шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы», облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ұйымдастырды.

Ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, жастарды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу мақсатында өткен шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген өнерпаз отбасылар қатысты. Олар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Әр отбасы өзін таныстырып, «Өнерлі өрге жүзер» сахналық қойылым қойыа, отбасылық құндылықтарға қатысты қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, үйден ұлттық тағам әзірлеп әкелу және таныстыру.

Байқау барысында қатысушы отбасылар тек өнерімен ғана емес, бір-біріне деген сыйластық, ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетті. Әсіресе, бірнеше буын өкілдерінің бір сахнада жарасым табуы – көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Қазылар алқасы сайыстың әр кезеңін әділ бағалап, үздіктерді анықтады. Байқау нәтижесінде І орынды Қаратал ауданынан келген Аққайша Үркімбекова мен келіні  Айгүл Үркімбекова жеңіп алды. Сарқан ауданынан келген Күнсая Жартыбаева және келіні Жансая Қалимолда ІІ орын иеленсе, Көксу ауданынан келген Майра Асубаева және келіні Балжан Нүсіп ІІІ орынды қанағат тұтты. Ал кербұлақтық Қалқабек  Қамихан және келіні Қуаныш Хануға «Арнайы жүлде» тапсырылды.

«Асқар тау әке – зерек бала» байқауы бойынша Көксу ауданы Асқарбек Ақылбеков және АлиханЖұмағали І орын алса, Ақсу ауданынанБейбіт Танысбеков пен ұлы Мұқан Бейбарыс ІІ орынды иеленді. Панфиловтық Нұрбол Мейманчиев пен Алтынбек Ботанға ІІІ орын бұйырды.Ескелділік Салтанат Құмарханұлы менЕлжанға «Арнайы жүлде» тағайындалды.

«Асқар тау әке – зерек бала, дана ене – дара келін»  отбасылық байланысты дәріптеген тағылымды шара өтті. Отбасылық берекені арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух, имандылық пен ізгілік дәнін себуге арналған бұл байқау дәстүрлі түрде жалғасын тауып, өңірлік мәдени өмірдің жарқын үлгісіне айналмақ.

Арайлым МҰХИТҚЫЗЫ,
Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының
баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.