Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ата Заң – 30 жыл: өткені өнеге, келешегі кемел

18 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Ата Заң – 30 жыл: өткені өнеге, келешегі кемел

ustazdar.kz

WhatsAppTelegramFacebook

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толып отыр. Елдің басты құқықтық құжаты тәуелсіз мемлекет тарихында айрықша орын алып, қоғамдық-саяси жүйенің тұрақтылығы мен даму бағдарын айқындап берді.

Ресми мәліметке сүйенсек, 1995 жылғы Констиутциялық референдумға 8 миллионнан астам адам қатысты, соның 90 пайызы қолдап, дауыс берді. Бұл қазақстандықтардың демократиялық жолмен елдің болашағына шешім қабылдауға атсалысқанын көрсетеді. Сол сәттен бастап Конституция мемлекеттік биліктің құрылымын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепіліне айналды.

30 жыл ішінде Қазақстанның Негізгі заңы бірнеше рет толықтырулар мен өзгерістерге ұшырады. 2007, 2011, 2017 жылдардағы реформалар саяси жүйені жетілдіруге бағытталса, 2022 жылғы референдум халық билігінің жаңа кезеңін айқындады. Соның нәтижесінде Конституцияның 30-ға жуық бабына өзгеріс енгізіліп, елдегі билік тармақтарының теңгерімі күшейтілді, Парламенттің рөлі артты, Конституциялық сот қайта құрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістерді «Жаңа Қазақстанның негізін қалау» деп атап, елдің саяси жаңғыру бағытын айқындады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауларында Конституцияның мәнін үнемі атап өтіп келеді. «Ата Заң – халықтың мүддесін қорғап, елдің бірлігін қамтамасыз ететін басты құжат. Оған адалдық – әрбір азаматтың парызы» деген сөздері қоғамда үлкен қолдау тапты.

Сарапшылардың пікірінше, 30 жылдық тәжірибе Қазақстан Конституциясының тұрақтылықтың тірегі екенін дәлелдеді. Құқықтанушы ғалымдардың дерегінше, қазіргі Конституцияның басты артықшылығы – адам мен азамат құқығын мемлекет саясатының өзегіне айналдыруында. Бүгінде Қазақстан әлемдік құқықтық кеңістікте танылған, халықаралық нормаларға сәйкес заңнамалық базаға ие ел ретінде мойындалып отыр.

Ата Заң – Қазақстан тарихындағы ең басты құндылықтардың бірі. Ол елдің демократиялық жолын, құқықтық мемлекеттілігін және азаматтық қоғамын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Өткен 30 жыл оның өміршеңдігін дәлелдеді, ал келер күндерде ол ұрпаққа әділетті қоғам құрудың темірқазығы болмақ.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.