Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ата Заңым – айбыным

Жетісу облысының орталығында ел Конституцияның 30 жылдығына арналған «Ата Заңым – айбыным» атты мерекелік концерт өтті. Шаһардағы «Жастар» саябағында өткен іс-шарада сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл өңір тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

2 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Ата Заңым – айбыным
WhatsAppTelegramFacebook

– Сіздерді мемлекеттік мереке ҚР Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Конституция – Отанымыздың берік іргетасы, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын басты құжат. Себебі, ол егеменді елімізді әлемдік қауымдастықтың беделді мүшесіне айналдырған, демократиялық дамудың сара жол нұсқаушысы. Сондай-ақ, мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық табыстарына негіз болып отырған негізгі  қағидаттар. Тамыры терең тарихи Ата Заңымыз біз үшін зор мақтаныш, биік мәртебе. Тәуелсіздіктің тірегі болған Конституция күні біздерді елдікке, жасампаз істерге бастайтын баянды бағдар.  Сондықтан бүгінгі келіп жеткен Конституцияның 30 жылдығы бәріміз үшін ұмытылмас үлкен белес. Бұл мереке бірлігіміздің, берік қамалды елдігіміздің айқын айғағы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Ата Заңымыз айбынды болсын! – деді  Ернат Дүйсенбекұлы.

Ата-Заң ел дамуының кепілі. Нақтырақ айтқанда, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданған бұл құжат бүгінде өз кемелдігімен көпке үлгі.  Кезінде 3 жарым миллионға жуық адам қатысып, 32 мыңға тарта құнды ұсыныстардан сараланған еліміздің бас заңы барлық заңдардың қайнар көзі. Бұл заң азаматтардың бас бостандығы мен құқық мүддесін жан-жақты қамтамасыз етумен бірге, ел экономикасының еселеп артуына тың серпін береді.

Мерекелік шара «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық этнографиялық ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласты. Айта кетерлігі,  Жетісу облысы бойынша Конституцияның 30 жылдығы аясында 300 тағылымды іс-шара ұйымдастырылған.

                                                                                                                          Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.