Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

23.04.2018
КҮНДЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

    Екі жүз мыңға жуық тұрғынның құтты мекеніне айналған Талғар топырағы құнарлылығымен ерекшеленеді. Сондықтан болар, ел ішінде «тарықсаң Талғарға бар» деген тәмсіл қалыптасқан. Көнеден ырыс-ынтымағы артып, айрандай ұйыған ауданға әкім болып жаңадан тағайындалған  Рыскелді Сатбаев ел ішін аралап, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен жете танысты. Аудандық мәслихат хатшысы Жұмахан Еңкебаевпен бірге ол бір қалалық, он ауылдық актив жиынын өткізіп, ақсақалдармен, әлеуметтік маңызы зор нысан қызметкерлерімен кездесті. 

 

    Құрамына тоғыз елді мекен кіретін, 15 мыңнан астам тұрғыны бар Қызылқайрат селолық округіне ат басын бұрған Рыскелді Ахметқалиұлы ауылдық амбулаторияға табан тіреді. Іргесі 1979 жылы қаланған бұл медициналық ғимараттың әбден тозығы жеткені көрініп тұр. Ауыл тұрғындарына егу және емдеу қызметтері көрсетілетін амбулаторияның қыс айларынан әупірімдеп шыққаны бірден байқалады. Көненің көзіндей болған ғимараттың едені тозған, төбелері көгерген. Төрт дәрігер, жиырма бес орта буын, үш кіші буын медицина маманы еңбек ететін ғимараттың жаңартылатын мезгілі келгендігі турасында амбулатория меңгерушісі Жанар Зияшқызы аудан әкіміне құлаққағыс етті.
    Ал осы ауылда тағдырдың ауыртпалығын арқалаған туабітті аурушаң балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Орталық жетекшісі Равшангүл Тохтахунова науқастарды оңалтуға қажет заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген екіқабатты орталықтың жай-күйімен таныстырды. Қайырымды жандардың көмегімен өзін-өзі асырап отырған бұл орталыққа «жергілікті әкімшілік тарапынан материалдық қолдау болса» деген өтінішін де қалыс қалдырмады.
    Қызылқайраттың Мәдениет үйіне жиылған ауыл тұрғындары ауданның жаңа басшысын жылы қарсы алды. Ауыл әкімі Қуатбек Смағұлов атқарылып жатқан жұмыстар жайын қысқаша баяндап өтті. Ауылдың күретамырына айналған «Амиран» сүт зауытынан бастап, 800-ден астан шаруа қожалығының тыныс-тіршілігін тілге тиек етті. Ауыл көшелерін  жарықтандыруда, жолдар салуда, ауызсумен қамтамасыз етуде ауқымды істер жүзеге асқан.
    Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты, №16 орта мектеп директоры Матан Бекбосынов спортты дамыту, ауыл имамы Қарабай ата зиратқа баратын жолды жасау, Даша  Ұлтанбекова су есептегіш құралдардың дұрыс жұмыс істемейтіндігі, газ қостырудағы қымбатшылық жайындағы халықтың қабырғасын қайыстырып жүрген толғақты мәселелерді  тарқатты.
    Жиын соңында аудан әкімі күрежол бойындағы ауыл балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ертелі-кеш мектеп тұсындағы өткелдерде бақылауды күшейтуді учаскелік полиция қызметкерлеріне тапсырды. Сондай-ақ, ауылдың әлеуметтік нысандарын жарықтандыру, көктемгі санитарлық тазарту жұмыстарын жандандыру, жұмыссыздықты азайту шараларын жүргізуде тұрғындармен қатар ауылдық әкімшілік қызметкерлерінің белсенділік танытуын тапсырды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесе еңбек еткенде ғана ілгерілеушілік болатындығын айтып жиынды қорытындылады.

Ұлболсын ИСАБЕК.

Қатысты жаңалықтар

Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026
Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.