Талдықорған: +8°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АУЫЛ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

5 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
АУЫЛ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданындағы сапар аясында оқырмандармен кездестік. 

Алдымен қалалық әкімдіктің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен жолықтық. Кездесу барысында сөз алған «Jetіsý» газеті бас редакторының орынбасары Ришад Тұрғанбай мемлекеттік газет ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерге керек екенін айтты.

– Облысымыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы болып тұрған қос газеттің тарихы сонау 1918 жылдан бастау алады. Ата басылымда еліміздің беткеұстар азаматтары қызмет еткен. Ғасыр жасаған газеттің бүгінде көтерген жүгі ауқымды. Ата басылым Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық саясатын насихаттайды, облыс, өңір әкімдерінің атқарып отырған жұмыстарын халыққа егжей-тегжейлі жеткізеді. Сондықтан, мемлекеттік газет ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерге қажет, – деді ол.

Шара барысында мемлекеттік қызметкерлер газет – жаңалықтың жаршысы ғана емес, бүтін бір елдің айнасы екенін айтып, баспасөз жайлы ойларын ортаға салды.

Осыдан кейін Кәлпе ауылына барып, қарапайым халықтың айтарын тыңдап, тарихы тереңде жатқан газетке жазылуды насихаттап қайттық. Шара барысында облыстық қос басылымның қызметкерлері тіршіліктің үні болған газеттің басты мақсаты – оқырмандардың көңілінен шығатын мақалалар жазу екендігін жеткізді. 

Жиында өзекті мәселелер де қозғалды. Кәлпе ауылының тұрғыны Хажер Абдумуслимова:

 – Ауылымызға Мәдениет үйі, спорт кешені салынды. Ауыл ахуалы жақсарып келеді. Бірақ, өңірде ауылшаруашылығы ақсап тұр. Тұрғындардың көбі малмен, егінмен күн көреді. Биыл біздің ауыл 612 гектарға қызылша егіп, жиналған 597 гектардан 23 мың тонна өнім алды. Ол қант зауытына өткізілді. Десе де кәсіпкерлердің жағдайы мәз емес. Себебі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 10 гектар жерің болмаса техника бермейді. Өз техникаң болмаса дұрыс өнім ала алмайсың. Біздің өтінішіміз, 5 гектар жері бар шаруаларға да техника берілсе дұрыс болар еді. Оның үстіне субсидия бағасы да қысқарып қалды. Ал биыл  649 гектарға жүгері еккен тұрғындардың өнімдері көшеде, есік алдында үйіліп жатыр. Бағасы тым арзан болғандықтан ешкім өткізгісі келмейді. Тым болмаса ауылшаруашылық өнімдерді сақтайтын қойма болса шаруаларға үлкен көмек болатын еді, – дейді. 

Жансұлу Жуанышбаева «Ауыл аманаты» жобасы бойынша құжат тапсыру мүмкін еместігін жеткізді.

– Үкіметтен келетін жобалардың көбі шикі. Мәселен, биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтінім бердім. Құжаттарды жинау мүмкін емес. Бір жерде басқа құжат, екінші жерде мүлдем басқа құжат сұрайды. Құжаттарымды жинап болғаным сол еді, ақша жоқ деді. Келесіге жинаған қағаздарым жарамай қалады. Басынан қыруар қаржы жұмсап құжат жинауым керек. Қайта-қайта қалаға барып, ақшам да қалмады, – деді ол. 

Сонымен қатар, тұрғындар ауылда дәріхана жоқтығын, дәрі-дәрмек алу үшін қалаға сабылатындарын айтты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары адамға тіршілікте қандай өмір керек болса, рухани жағынан да сондай азық керек екенін айтып, ата басылымды оқитындарын жеткізді.

Жиын соңында қаймағы бұзылмаған қазақы ортада ата салтты ұлықтаған, дін мен дәстүрді ұмытпаған ата-әжелеріміздің әңгімесін естіп, батасын алып қайттық.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген  Руслан ҚАДЫРОВ
 

Қатысты жаңалықтар

Ел дамуының бағдары

Ел дамуының бағдары

Бүгін, 09:32
Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Бүгін, 09:09
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.