Талдықорған: +34°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АУЫЛҒА АБАЙ ЕСІМІ БЕРІЛСЕ…

07.12.2024
КҮНДЕРЕК
АУЫЛҒА АБАЙ ЕСІМІ БЕРІЛСЕ...

«Jetіsý» газетінің қызметкерлері баспасөз науқанына орай облысымыздағы аудан, қалалардың тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындардың талап-арызына құлақ түруде. Бұл жолғы сапарымыз күндіз күміс, түнде алтын болып аққан, әулиелер мекені саналатын Қаратал өңірінде жалғасты.

Кейіннен шыққан «хаты көп газеттің қанаты көп» деген тәмсіл бар. Ондай хаттарды жазып, жата-жастана оқитын – көзі қарақты оқырман. Осыған орай біз Елтай ауылдық округіне қарасты Қаражиде ауылына барып, қарапайым халықтың айтарын тыңдап, тарихы тереңде жатқан газетке жазылуды насихаттап қайттық.  

Басқосуда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айбек Оңғаров өзі бір күндік, сөзі мың күндік ата басылым жайлы кеңінен әңгімеледі.

– Ғасыр жасаған газеттің көтерген жүгі ауқымды. Әр ауыл мен аудандардағы атқарылып жатқан жұмыстарды, тарихты, салт-дәстүрімізді, танымал тұлғаларымызды дәріптейтін мақалаларды оқу үшін «Jetіsý» газетінің әр санын жібермей қараймын. Аптасына 3 рет шығатын басылымның болашақ жастарды тәрбиелеудегі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттаудағы орны ерекше. «Jetіsý» газетінде танымдық материал өте мол. Қазір әлеуметтік желі дамыған қоғам. Көбіне жұрт бір жаңалық қарау үшін смартфонға үңіледі. Инстаграмм мен сайтты ақтарады. Бірақ, әлеуметтік желідегінің барлығы дұрыс деп айта алмаймын. Оның үстіне газеттегі сараптап жазылған мақаланың орны бір бөлек емес пе?! Сондықтан технологияның дамыған заманы болса да газет қоғамға өте қажет. Өркениеттің өріне ұмтылған ұлтымыздың ұстанымын облыстық басылым «Jetіsý» газеті ұтқыр да ұшқыр қаламымен шынайы бедерлей береріне сенемін, – деп ыстық ықыласын білдіріп, тұрғындарды ата басылымға жазылуға шақырды.

Осыдан кейін облыстық «Jetіsý» газеті бас редакторының орынбасары Ришад Тұрғанбай: «Адамға тіршілікте қандай өмір керек болса, рухани жағынан да сондай азық қажет. Өйткені газет – руханияттың қайнар көзі. Қазіргі қоғамда технология қанша жаңарса да, Алаш арыстарының қолтаңбасы қалған ата басылым мәңгі өмір сүрері сөзсіз. Тіршіліктің үні болған газеттің басты мақсаты – оқырмандардың көңілінен шығатын мақалалар жазу», – деді.

Шара барысында тұрғындар газет – жаңалықтың жаршысы ғана емес, бүтін бір елдің айнасы екенін айтып, баспасөз жайлы ойларын ортаға салды.

Жиында өзекті мәселелер де қозғалды. Қаражиде ауылының тұрғыны Сәбит Сабанбаев:

 – Ауылымызға ат басын бұрғандарыңызға көп рахмет. Ауыл ахуалы жақсарып келеді. Биыл тоқсаныншы жылдан бері тозығы жетіп, бюсті жарылып кеткен Абай атамыздың ескерткіші жөнделді. 252 шаршы метр жер қоршалып, ортасына Абай атамыздың бюсті қойылып, жан-жағына ағаш отырғызылды. Ендігі ұсынысымыз ауылымыздың атын Абай деп өзгертсек дейміз. Біздің ауылдың аты Қаражиде болғанымен, бәрі Абай ауылы деп атайды. Қаладағы таксистерге дейін Қаражидені білмейді. Сонымен қатар өңірде бұқаралық спорт ақсап тұр. Балаларымыз күреспен, бокспен айналысқысы келеді. Балдырғандарды дайындайтын жаттықтырушыларымыз да бар. Амал жоқ, спорт кешені болмаған соң Талдықорғанға барып дайындаламыз. Бүлдіршіндерді қыстың көзі қырауда ары-бері тасу қиынға соғады. Сондықтан ауылға спорт кешені салынса деген өтінішіміз бар. Тағы бір мәселе тұрғындар малмен күн көреді. Бірақ, ауылдағы ағайын алдындағы азын-аулақ қара-құрасын бағатын жайылым таппай жүр, – деді.

Ал Елтай ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Гүлдана Қосжанова: «Біздегі өзекті мәселенің бірі – мәдени ошағымыз бен балабақшамыз үйіндіге айналып, ауылдың сәнін кетіріп тұр. Ауылға Мәдениет үйі салынса деген өтінішіміз бар», – деді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары адамға тіршілікте қандай өмір керек болса, рухани жағынан да сондай азық керек екенін айтып, ата басылымды оқитындарын жеткізді.

Жиын соңында қаймағы бұзылмаған қазақы ортадан, ата салтты ұлықтаған, дін мен дәстүрді ұмытпаған ата-әжелеріміздің әңгімесін естіп, батасын алып қайттық.

Айдар Қалиев
Суретті түсірген Серік Қантай

 

Қатысты жаңалықтар

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

14.07.2025
Қазақстандық балуан Азия чемпионатында еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Азия чемпионатында еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды

14.07.2025
Нөсер, аптап ыстық: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Нөсер, аптап ыстық: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

14.07.2025
Дүйсенбіде елімізде аптап ыстық сақталады: синоптиктер күн райына байланысты ескерту жасады

Дүйсенбіде елімізде аптап ыстық сақталады: синоптиктер күн райына байланысты ескерту жасады

14.07.2025
Қазақ футболының үміті: Дастан Сәтпаевтың жетістіктері мен рекордтары

Қазақ футболының үміті: Дастан Сәтпаевтың жетістіктері мен рекордтары

13.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.