17 қыркүйекте еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Өрт қаупі: Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жоғары әрі төтенше өрт қаупі сақталады.
Жел: Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Тұман: Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік Қазақстанда түнде 1°С-қа дейін аяз болуы ықтимал.
Найзағай: Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Ақмола облыстарында найзағай ойнайды. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағаймен бірге дауыл тұрады.
Шаңды дауыл: Қызылорда облысының орталық және оңтүстік аумақтарында шаңды дауыл соғады.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болып, мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.





