Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ақын Ілияс Жансүгіровтің қызы өмірден өтті

15 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Ақын Ілияс Жансүгіровтің қызы өмірден өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Ақын, драматург Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Ильясова өмірден өтті.

Қаралы хабар Facebook әлеуметтік желісінде Жанар Жандосова хабарлады.

«2024 жылдың 14-қаңтарында 89-ға қараған шағында ақын Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы, қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың жұбайы, дарынды ұстаз, қайсар әйел Ильфа Ілиясқызы Жандосова-Жансүгірова өмірден озды.
Ильфа Ілиясқызы 1935 жылы 29-мамырда Алматыда туған, бірақ 1937 жылы, небары 2 жасынан бастап, «халық жауы отбасының» мүшесі ретінде астанадан аластатылып, бүкіл Қазақстан даласын аралап, көшіп кетуге мәжбүр болды, соғыс жылдарында Жамбыл облысының Меркі ауылында тұрақтады. Тек 1950-жылдардың басында ғана Алматыға қайта оралған Ильфа Жансүгірова Шет тілдері институтына оқуға түседі, оны бітірген соң Қ.Сәтпаев атындағы политехникалық институтта, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институында неміс тілі пәнінің оқытушысы болып, ҚазССР Педагогикалық қоғамының Ғалым хатшысы, сонымен қатар ҚазССР Ғылым академиясының шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.
1958 жылы Ильфа Ілиясқызы Санжар Оразұлы Жандосовқа тұрмысқа шығады, екеуі бес баланы өсірді. Ильфа Жандосова тек батыр ана, жоғары білікті ұстаз ғана емес, 34 жыл ғұмырын бірге өткізген өмірлік қосағы, 1992 жылы қайғылы қазаға ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткері С.Жандосовтың сенімді серігі де бола білді. 1999 жылы ол Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорын құрып, оның жұмысын өзі басқарды. Қор Ілияс пен Фатима Ғабитованың шығармашылық мұрасын жинақтап, зерделеп, аударып, басып шығарды, мектептер мен музейлерге қамқорлық көрсетіп отырды. И.Жандосова-Жансүгірова «Тағдырымның іздері» атты естеліктер жинағын шығарды. Өмірінің соңғы сағаттарына дейін Ильфа Ілиясқызы Қазақстандағы азаматтық қозғалыстар мен олардың белсенділерін қолдаумен өтті.
Қымбатты жақын-жұрағат, дос-жаран, анамыз Ильфа Ілиясқызының көзін көрген барша қауым. Қонақасы дастарханы 16-қаңтар, сағат 18.00-де «Жұлдыз» мейрамханасында жайылады. Қоштасу (шығару) 17-қаңтар, сағат 10.00-де үйде (Шевченко к-сі, 5 үй, 5 пәтерде, ас намазы сол күні, сағат 12.00-де «Жұлдыз» мейрамханасында оқылады. 

Сурет: Елдос Тоқтарбайдың ӘЖ парақшасынан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.