Синоптиктер 23, 24 және 25 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал қатты жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.
«Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады», — делінген хабарламада.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов





