Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты референдумда дауыс беру басталды.
Елдің 84 учаскесінде дауыс беру таңғы алтыда басталды. Оған әскери учаскелер мен кейбір вахталық ауылдар кіріп отыр.
Бұл осы учаскелердегі жұмыстың немесе қызметтің ерекше тәртібіне байланысты.
Өзге учаскелерде дауыс беру таңғы 07.00 шамасында басталады.





