Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус індеті бойынша ем алып жатқандар саны — 10 597 адам. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Министрлік мәліметіне қарағанда, науқастардың арасында 52 сәби бар. Стационарларда 5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде, 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
— ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлайды, — делінген хабарламада.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





