Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандағы қоғамдық көліктің 36 пайызы жарамсыз

1 қараша 2023
КҮНДЕРЕК
Қазақстандағы қоғамдық көліктің 36 пайызы жарамсыз
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл сегіз айда Қазақстанның автобус паркі көліктерінің саны рекордтық көрсеткішке жетті — 105,5 мың. 2022 жылдың қыркүйек айының басымен салыстырғанда өсім — 27,2%. Тасымалдаушылар паркінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Ranking талдауына сілтеме жасап.

Ұлттық статбюроның деректеріне сүйенсек, жалпы көлік паркінде электробустар өте аз — бар болғаны 32 көлік.

«Жасыл» автобустар негізінен Астана мен Алматыда жүреді. Сондай заманауи автобустардың біразы Түркістан облысы мен Шымкентте де тіркелген.

Жалпы, қазақстандық автобус паркін ескірген деп айтуға болады. Барлық автобустардың 35,9% (немесе 37,9 мыңы) — 20 жылдан ескі, тағы 40,4 мың дана арнайы көлік (38,3%) 10-0 жыл бойы жолаушы тасымалдап келеді.

Тек 7,8 мың көлікке әлі үш жыл толмаған. Елдегі жалпы автобус паркіндегі жаңа автобустардың үлесі — 7,4% ғана.

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа төмендеді.

Қазақстанда автобус шығаратын отандық кәсіпорындар — Сарандағы QazTehna, Семейдегі «СемАЗ» және Алматыдағы Hyundai Trans Almaty бар екеніне қарамастан осындай жағдай қалыптасып отыр. 

10 жылдан асқан жолаушыларды тасымалдауға арналған арнайы техниканың жалпы үлесі биыл 1 қыркүйекте 74,4% болды.

Бұл былтырғымен салыстырғанда көп. Бір қызығы, автобус саны бойынша жаңа статистикалық рекордқа ескі автобустар жетіп отыр.

Биыл қосымша тіркелген 22,5 мың көліктің жартысына жуығы — 12,1 мың көлік 20 жылдан ескі болса, тағы 5,8 мың автобус 10-20 жыл бойы жұмыс істеп тұр.

Былтыр ақпанда Қазақстанда 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салатын заң күшіне енді. Бұл кем дегенде он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылған арнайы техниканы енді елге әкелу мүмкін емес дегенді білдіреді.

Бірақ нарықтағы сауданың негізгі бөлігі осы ескі автобустарға қатысты. Мәселен, биыл тамызда тіркелген автобустардың 51,9% — 10 жылдан ескі болса, салыстырмалы түрде жаңа техниканың үлесі аз болды — 7,6%. 

Автокөлік кәсіпорындарының паркін жүйелі түрде жаңартуға кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі — инвестицияның жеткіліксіздігі.

Әлемнің көптеген елдерінде қалалық жолаушы тасымалы мемлекет тарапынан субсидияланады, өйткені бұл әлеуметтік маңызы бар бизнес көбіне тиімсіз.

Қазақстанда да жағдай осындай: біздің елде де құқықтық нормалар қабылданған, соған сәйкес тасымалдаушылар әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша шығындарды жабу үшін бюджеттен субсидия алуы тиіс.

Дегенмен сенатор Евгений Больгерттің деректеріне сүйенсек, бюджеттік траншты тек бірнеше облыстың автобус парктері алады. Көбіне мемлекеттік автокөлік парктеріне субсидия тұрақты түрде бөлінеді және олар жабдықты жаңартады.

Жеке тасымалдаушылар қиын жағдайға тап болды.

«Былтыр жергілікті атқарушы органдар бөлген 113 млрд теңгенің 55 млрд теңгесі Алматыға, 15 млрд теңгесі Шымкентке түсті. Яғни, кейбір өңірлер субсидиялау тетігін белсенді түрде қолданса, басқалары қалдық негізде немесе мүлде жасамайды», — деді депутат Сенат отырысында. 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.