Талдықорған: +23°C
$ 533.61
€ 621.07
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандағы үздік 5 туристік ауыл туралы не білеміз?

05.02.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстандағы үздік 5 туристік ауыл туралы не білеміз?

Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауын қорытындылап, нәтижесінде еліміздегі үздік 5 туристік ауыл анықталған болатын. Енді сол аталған бес ауыл туралы толығырақ ақпаратты назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жоба тұрақты туризмді дамытуға, бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған.

Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.

Лепсі ауылы (Жетісу облысы Алакөл ауданы)

Фото: Kazakh Tourism

Лепсі ауылы – Алматы облысының табиғаты ерекше көркем аймақтарының бірі. Жоңғар Алатауы жотасының солтүстік беткейінде, теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан ауыл Лепсі өзенінің жоғарғы ағысын бойлай жайғасқан. ҚХР-мен шекара ауылдан 40 км қашықтықта орналасқан. 2010 жылы Лепсі аумағында Жоңғар-Алатау ұлттық паркі ашылып, табиғи байлығын сақтауға мүмкіндік жасалды.

Фото: Kazakh Tourism

Ауыл маңындағы ландшафт таза күйінде сақталған. Таулы ормандар, мөлдір көлдер мен өзендер туристерге экотуризм мен табиғат аясында демалудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Лепсіге жақын орналасқан Жасылкөл көлі өзінің керемет көрінісімен көз тартады.

Лепсі ауылы бал шаруашылығымен де танымал. Мұндағы омарталардан алынатын табиғи бал өзінің сапасы мен ерекше дәмімен ерекшеленеді. Биік таулы аймақта өсетін өсімдіктердің алуан түрлілігі Лепсі балының ерекше табиғи өнім болуына ықпал етеді.

Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы Сырдария ауданы)

Фото: Kazakh Tourism

Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауыл округі – дамыған инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығындағы жетістіктерімен ерекшеленетін аймақ.

Ауыл туризмі дамып келеді. Табиғаты әсем өңірде ауыл шаруашылығымен айналысып, тыныштықта демалғысы келетіндер үшін агротуризм ерекше мүмкіндік ұсынады. Мұнда туристер жергілікті өнімдердің дәмін татып, шаруашылық жұмыстарына араласып, ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін сезіне алады.

Нағи Ілиясов ауылы – тек ауыл шаруашылығымен ғана емес, сондай-ақ мәдени және туристік әлеуетімен де ерекшеленетін көрікті мекен.

Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы)

Фото: Kazakh Tourism

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында орналасқан бұл ауыл XIX ғасырдан бері өзінің тарихи, мәдени және табиғи құндылықтарымен ерекшеленеді. Нарын құмының құшағында, қарағайлы орманмен қоршалған мекенде жылдың кез келген уақытында демалып, ерекше атмосфераны сезінуге болады.

1827 жылы Жәңгір хан негізін қалаған бұл жер – қазақ даласындағы алғашқы еуропалық үлгідегі мектептер, ауруханалар мен кітапханалар ашылған тарихи орын. Бүгінде Хан Ордасы аспан астындағы музей іспетті. Мұнда XIX ғасырдан сақталған 40-тан астам тарихи ғимараттар, 16 мәдени ескерткіш, бірегей Хан Ордасы музей-қорығы орналасқан. Жәңгір хан, күйші Дәулеткерей, этнограф-ғалым Мұхамед-Салық Бабажанов кесенелері, әулие Сағи хазірет пен Сүлеймен хазіреттің қорымы – қасиетті орындарға айналған.

Хан Ордасы – агротуризм мен экотуризмді дамытуға таптырмас мекен. Қонақтар үшін шаруашылықтарға барып, ауыл өмірін сезінуге, ұлттық тағамдардан дәм татып, киіз басу, атпен серуендеу сияқты дәстүрлі қазақ мәдениетімен танысуға мүмкіндік бар. Табиғи шипалы балшықпен, күміс иондары бар минералды сумен ем қабылдап, Нарын қарағайының фитонцидті ауасымен тыныстауға болады. Бұл жер – тек тарих емес, табиғат пен тыныштықтың үйлесімі.

Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы Риддер ауданы)

Фото: Kazakh Tourism

Шығыс Қазақстанның жүрегінде, алып таулар мен қорықты ормандардың арасында Поперечное атты жайлы ауыл жасырынған. Бұл жерде таза тау ауасымен тыныстап, қала өмірінің күйбеңінен демалуға болады. Ауыл Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының маңында орналасқан. Бұл жер бай биоалуантүрлілігімен танымал. Мұнда жаяу туризмге шығып, жабайы табиғатты бақылап, көне ормандардың тыныштығынан ләззат алуға болады.

Поперечное ауылы шағын көлеміне қарамастан, туристерге ыңғайлы жағдайлар ұсынады. 25 адамға арналған үш қонақ үйде сіздерді жайлылық пен жылы қарсы алу күтеді.

Ауыл тұрғындары өздерінің дәстүрлерін қастерлеп, қонақтармен қуана бөліседі. Мұнда елдің тарихымен танысып, үй жағдайында дайындалған экологиялық таза өнімдерді татып, нағыз ауыл өмірінің рухын сезінуге болады.

Шабанбай би (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы)

Фото: Kazakh Tourism

Қарағанды облысында, Орталық Қазақстанның шексіз даласында, ерекше Шабанбай би ауылы орналасқан. Бұл жерде бай тарих, мәдени мұра және туризмді дамытуға заманауи көзқарастар үйлесімді түрде біріктірілген.

Ауыл халықаралық деңгейде танылып, Green Destination жобасында әлемдегі ең тұрақты туристік бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Оның басты табиғи көрнекілігі – Қызылорай оазисі, Қазақстанды әлемдік тұрақты туризм рейтингінде таныстыратын ерекше орын.

Фото: Kazakh Tourism

Шабанбай би 2009 жылдан бері шетелдік қонақтарды қабылдап, көне археологиялық ескерткіштері, петроглифтері және далалық аймақтың ерекше атмосферасымен саяхатшыларды тартуда. Мұнда тек көне өркениеттердің іздерін көрумен шектелмей, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы арқылы нағыз қазақ мәдениетін сезінуге болады.

Қатысты жаңалықтар

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

18.07.2025
Жетісудың жайсаңы

Жетісудың жайсаңы

18.07.2025
Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

18.07.2025
Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

18.07.2025
Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.