Талдықорған: +28°C
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бабын тапқанға бал да байлық

01.10.2026
КҮНДЕРЕК
Бабын тапқанға бал да байлық

Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Адамның өмірдегі қазығы әртүрлі болады. Біреуді туған жері ұстап тұрады, енді бірінің көңілін өнер тербейді. Бірі ғылымнан өз жолын тапса, енді бірі маңдай термен атқарған еңбегінен өмірінің мәнін көреді. Алакөл ауданы, Сапақ ауылындағы Гүлжазира Қанағатованың қазығы табиғатпен біте қайнасқан тіршілікке қағылған. 

Оның өмірін араның ызыңынсыз елестету қиын. Өйткені он жеті жыл бұрын басталған омарташылық бүгінде отбасының кәсібіне, күнделікті тіршілігіне, тіпті өмір салтына айналған.

«Бал арасымен айналысу үшін оны жақсы көру керек», – дейді Гүлжазира Сұлтанқызы. Осы бір қарапайым сөздің астарында көп мағына бар. Өйткені ара ұстау тек бал жинап, өнім алумен бітпейді. Оның өзіне тән тәртібі, табиғатқа тәуелді ырғағы, тынымсыз еңбегі бар. Араның тіршілігін түсінбеген адам омарташы болып ұзақ тұрақтай алмайды. Ал оны жүрекпен қабылдаған жан табиғаттың өз заңдылығына бейімделеді.

Гүлжазира да осы жолды таңдады. Жолдасы екеуі он жеті жылдан бері омарта шаруашылығын қатар алып келеді. Қазір олардың 50 омартасы бар. Бұл бір күнде қалыптасқан кәсіп емес. Жыл сайынғы тәжірибе, ізденіс, табиғаттың мінезін тану арқылы орныққан тіршілік.

– Біз мұны отбасылық кәсібіміз деп есептейміз. Жолдасым Ерғазы Жолжақсыұлы екеуміз бірге айналысамыз. Ең бастысы, табиғи таза өнім алуға тырысамыз. Балға ешқандай қоспа қоспаймыз, – дейді ол.

Табиғи өнімге деген сұраныстың артуы да олардың еңбегін еселей түскен. Қазір Сапақ ауылында бал арасын өсіретін елуге жуық отбасы бар. Бірі бірінен үйренеді, тәжірибе бөліседі, ара тұқымын талқылайды. Өйткені омарта шаруашылығының да өзіндік мектебі бар. Оны кітаптан бөлек жылдар бойғы бақылаудан үйренерің анық.

Гүлжазира карпат және карника тұқымдарымен жұмыс істейді. Кейбір араларды Ресейден алдырып, көктемде омарталарына орналастырады. Әр тұқымның өзіндік ерекшелігін тәжірибе арқылы таниды.

Ал араның тіршілігі адамды таңғалдырады. Жаз бойы гүлден гүлге қонып, тынымсыз еңбек еткен ара тамыз айынан бастап қысқа қамданады. Өз қорын жинайды. Адам қыстың қамын жазда жасаса, табиғаттың кішкентай тіршілік иесі де сол заңдылықпен өмір сүреді. Алғашқы қар түскен соң аралар арнайы қыстайтын орынға көшіріледі. Наурызға дейін оларға тиіспейді. Көктем келгенде ғана ұялар ашылып, омартаның қайтадан тіршілігі басталады.

Гүлжазира осы табиғи тәртіпті жылдар бойы бақылап келеді. Мүмкін оның кәсібіне деген сүйіспеншілігінің бір ұшы да осында жатқан шығар?!

– Адам арамен жұмыс істегенде табиғатпен байланыста болады. Ешқандай күйзеліске түспейді. Керісінше, табиғат ішінде жүріп, көңілің тынышталады, – дейді омарташы.

Табиғаттың тыныштығы адам жанын да емдейтіндей. Омарта маңында жүріп, араның тынымсыз қозғалысын бақылаған адам өз тіршілігінің де мәніне үңілетіндей көрінеді. Әр ара өз міндетін атқарады. Бірі ұяға қызмет етеді, екіншісі қор жинайды, үшіншісі тіршіліктің жалғасын қамтамасыз етеді. Бәрі бір мақсатқа жұмылған. Осыдан адам баласы да көп нәрсе үйрене алады.

Гүлжазираның айтуынша, омартаға араның емдік қасиетін іздеп келетіндер де бар. Араның шағуымен байланысты халық арасында қалыптасқан емдік тәсілдерге қызығатындар кездеседі.

– Жаз мезгілі жайлы болса, екі тоннадай бал өндіруге болады. Құрғақшылық кезінде бір тоннадан сәл асатындай өнім алатынымызды тәжірибеден көрдік. Бәрі табиғатқа байланысты, – дейді Гүлжазира.

Ол табиғатпен есептесіп өмір сүруді әлдеқашан үйренген. Бәлкім, омарташының өмірлік қазығы да осы шығар. Табиғатқа әмір жүргізуден гөрі оның заңдылығын түсіну. Өз пайдаң үшін ғана емес, өзің тіршілік етіп отырған ортаның үйлесімін сақтай отырып еңбек ету.

Бүгінде олардың балын туған-туысы мен жақындары ғана емес, алыстағы тұтынушылар да іздейді. Астана мен Алматы қалаларынан сұраныс түседі. Бір жолы Нидерландтан келген қонақтарға да өз өнімдерін ұсынған. Табиғи балдың дәмін татқан шетелдік меймандар да ризашылығын білдірген.

Сапақ ауылындағы омартаға көз жүгірткен адам сырттай қарағанда тек ара ұяларын көреді. Ал Гүлжазира үшін әр ұяның өз тарихы бар. Әр маусымның өз сынағы, әр жылдың өз сабағы бар. Он жеті жыл ішінде ол ара шаруашылығынан бөлек табиғаттың мінезін де таныды. Еңбектің қадірін де, төзімнің салмағын да сезінді. Адам кейде өмірлік жолын алыстан іздейді. Ал кейде өз қазығы туған жердің топырағында, күн сайын қайталанатын қарапайым тірліктің ішінде жатады. Гүлжазираның қазығы да сондай.

Ол үшін араның ызыңы тіршіліктің тынымсыз қозғалысын білдіреді. Балдың тәттілігі маңдай термен келген еңбектің өтеуіндей. Ал омарта табиғат пен адам арасындағы нәзік байланыстың бір көрінісіндей.

Сүйіспеншілікпен атқарылған еңбек қана адамның ғұмырына із қалдырады. Ал өз ісін жүрекпен таңдаған адамның өмірлік қазығы да берік болары анық.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Дәстүрлі турнир өтеді

Дәстүрлі турнир өтеді

01.10.2026
Аймақтық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық қарым-қатынас талқыға түсті

Аймақтық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық қарым-қатынас талқыға түсті

01.10.2026
Бабын тапқанға бал да байлық

Бабын тапқанға бал да байлық

01.10.2026
Ұрпақтар сабақтастығы: Жетісулық Жапақовтар әулетінің 207 жылдық ұстаздық жолы

Ұрпақтар сабақтастығы: Жетісулық Жапақовтар әулетінің 207 жылдық ұстаздық жолы

01.10.2026
Болмысы бөлек жан еді

Болмысы бөлек жан еді

01.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.