Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бағаны асыру бөлігінде бұзушылықтар анықталды

5 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Бағаны асыру бөлігінде бұзушылықтар анықталды

tolqyn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне биылғы 9 айда 643 азаматтан өтініш келіп түскен.

Аталған өтініштің 138-іне құқықтық көмек көрсетіліп, 368-іне ақпараттық түсініктеме берілген. Сондай-ақ, 162 тексеру (КТ – 148, ТҚҚЗ – 14) мемлекеттік бақылау жүргізілген. Сотқа 31 тұтынушыдан шағым түсіп, осы кезеңде тұтынушыларға қайтарылған қаражаттың жалпы сомасы 41 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және электрондық сауданың өзекті мәселелері туралы сөз етілгені брифингте айтылды.

Осыған байланыстым ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешовтың баяндамасы тыңдалып, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды. Департамент басшысының сөзінше, шағымдардың басым бөлігі бөлшек және электрондық сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен тұрмыстық, туристік, білім беру, байланыс, қоғамдық тамақтандыру, медициналық, қаржылық, көлік, басқа да сала қызметтерінен келіп түскен.

Кәсіпкерлер тарапынан заңнаманы жүйелі бұзу, халықтың тұтынушылық мәдениеті мен құқықтары туралы ақпараттану деңгейінің артуы өтініштердің негізгі себебіне айналған. Әр өтініш бойынша тексеру жүргізіліп, бұзушыларға ұйғарымдар шығарылып, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған. Мемлекеттік бақылау саласы бойынша атқарылған жұмыстар да ауқымды. Осыған байланысты биыл 12 объектіге профилактикалық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде сауда қызметін реттеу туралы заң талаптарының бұзылуы, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны асыру бөлігінде бұзушылықтар анықталған.

Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілген.

Сондай-ақ, 139 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, көп жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемелерін асыруға байланысты сауда қызметін реттеу туралы заң талаптарының бұзылуы анықталған. Бұзушылыққа жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен бірге брифингте тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да баяндалды. Спикер соңында тұтынушының қызметтер туралы толық және анық ақпарат алуға, еркін таңдауға және қауіпсіздікке құқығы бар екенін айтып, шағымдармен eGov, Telegram-бот арқылы немесе департаментке жеке жүгінуге болатынын еске салды.

 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.