Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміз бойынша алғашқы өңірлік Азаматтық форум Жетісу облысында өтті. Бұл – мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам әрі үлкен жауапкершілік, зор сенім. Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиевамен және форум қонақтарымен кездесті.

Ресми қонақтарды қарсы алған Бейбіт Өксікбайұлы өңірдегі азаматтық институтпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділеттілік, ашықтық және қоғаммен кері байланысты өзінің саяси бағытының негізгі өзегі ретінде белгіледі. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – біздің күнделікті жұмысымыздағы негізгі ұстаным. Ал «Адал еңбек – Адал азамат – Адал табыс» қоғам құндылығын қалыптастыратын басты бағдар. Бұл жолда азаматтық қоғам институттарының, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби сарапшылар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлі зор. Біздің өңірде азаматтық қоғаммен байланыс жүйелі дамытылуда. Бүгінде облыс аумағында 578 үкіметтік емес ұйым, 22 этномәдени бірлестік, 14 салалық кәсіп-одақ бірлестігі, 43 бұқаралық ақпарат құралы және 7 саяси партияның өңірлік филиалы жұмыс істейді. Бұл институттар өңірдің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси өміріне айтарлықтай үлес қосып отыр, – деді облыс басшысы.

Облыста азаматтық сектормен бірге жылжымалы оңалту қызметтерін көрсету, «Инватакси» қызметінің жұмысы және көптеген жоба жүзеге асырылуда. Өңір басшылығының бастамасымен мектеп оқушыларын қолдауға, олардың тұлғалық дамуы мен әлеуметтенуіне бағытталған «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасын жүзеге асыруға ҮЕҰ-дар да қолдау көрсетуде.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының бағыттарын кеңейту мақсатында 2023 жылдан бастап біртұтас тұжырымдамасы бар азаматтық форумдар әр облыста, ал соңғысы Астанада өткізілетінін атап өтті. Биыл еліміздегі тұңғыш форум Жетісу өңірінде өтіп жатқанын айта келе, облыс басшылығына қызығушылық танытып, азаматтық қоғаммен тиімді әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Парламент Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай өңірде азаматтық секторды қолдаудың оң нәтижесіне тоқталса, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова жастармен жұмыс істеу, волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелерін айтты. Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева азаматтық қоғамды дамыту туралы өз ойларын ортаға салды.

Кездесуді қорытындылған Бейбіт Исабаев жалпы отырыс пен табысты ҮЕҰ жобаларының көрмесімен жалғасатын Азаматтық форум жұмысына сәттілік тілеп, форум барысында әзірленген тиімді ұсыныстар мен бастамалар жергілікті деңгейде әрі қарай жүзеге асырылатынына сендірді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.