Талдықорған: +29°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балалардың жазғы демалысы: Жетісуда кешенді жоспар бекітілді

26.05.2026
КҮНДЕРЕК
Балалардың жазғы демалысы: Жетісуда кешенді жоспар бекітілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу аймағында балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта облыстық, аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен құралған өңірлік штабтар жасақталып, биылғы жазғы маусымға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.

Биыл аймақта балаларды қабылдайтын 10 жазғы сауықтыру лагері жұмысын жүргізеді. Оның 6-уы мемлекеттік, 4-уі жекеменшік бағытта қызмет көрсетеді. Мемлекеттік лагерьлер қатарында «Жалын», «Шағала», «Жансая», «Айналайын», «Көктөбе», «Алтын Чажа» сауықтыру орталықтары бар.

Ал жекеменшік нысандар қатарында «Бастау», «Эдельвейс», «Қарлығаш» және «Жыланды этно-кэмп» лагерьлері балаларға есігін айқара ашады.

Жазғы кезеңде 1-10-сынып аралығындағы 124 мыңнан астам оқушының 94 пайызы демалыс жә- не сауықтыру шараларымен қамтылмақ.

Нақтырақ айтқанда, 116 777 бала жазғы тынығу бағдарламаларына қатысады. Оның 106 мыңнан астамы мектеп жанындағы алаңдарда ұйымдастырылатын танымдық, спорттық және шығармашылық шараларға қатысса, 10 мыңнан астам бала қала сыртындағы сауықтыру орталықтарында тынығады.

Балалардың сапалы демалысын қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Биыл 6 494 балаға 454 миллион 580 мың теңге қарастырылып отыр. Әр балаға бөлінетін қаражат көлемі 70 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, 201 оқушы республикалық «Балдәурен» сауықтыру орталықтарында демалуға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, 2 700 бала демеушілер мен ата-аналардың қолдауымен, 955 оқушы кәсіподақ ұйымдарының көмегі арқылы жазғы тынығумен қамтылады.

Аймақтағы жазғы маусым тек лагерьлермен шектелмейді. Балалардың туған өлкенің табиғатын танып, тарихи танымын кеңейтуіне де басымдық беріліп отыр. Осыған орай 40 мыңға жуық оқушыны облыстың көрікті жерлеріне, ұлттық саябақтарға, музейлерге, сондай-ақ, Алакөл, Балқаш, Қапшағай жағалауларына экскурсиялық саяхатқа апару жоспарланған. Мұндай сапарлар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дүниесін байыта түспек.

Ауыл балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Биыл ауылдық жердегі 93 мыңнан астам баланың 8 мыңнан астамы қала сыртындағы лагерьлерде тынығатын болса, 85 мыңнан астамы мектеп жанындағы түрлі мәдени, спорттық және танымдық шараларға қатысады.

Жалпы, өңірде қолға алынған бұл жұмыстар балалардың жазғы уақытын тек көңілді өткізумен ғана шектелмей, олардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілетін дамытуға және қауіпсіз ортада сапалы демалуына бағытталған.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қаланың жаңа келбеті

Қаланың жаңа келбеті

26.05.2026
Құрбан айт қағидалары түсіндірілді

Құрбан айт қағидалары түсіндірілді

26.05.2026
Көңіл толқытқан кеш

Көңіл толқытқан кеш

26.05.2026
Қазақ футболының үміті: Дастан Сәтпаевтың жетістіктері мен рекордтары

«Челсиге» баратын күн жақын. Сәтпаевтың чемпионаттағы соңғы ойыны

26.05.2026
ҰБТ-да ереже бұзған 170-тен астам талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды

ҰБТ-да ереже бұзған 170-тен астам талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.