Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бәріне қаша кінәлі

18 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Бәріне қаша кінәлі
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылының Сүйінбай көшесінде ұзын сонар орнатылған темір қоршау тұрғындардың наразылығын туғызуда. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылған қаша керісінше жүргізушілер үшін қауіпті тосқауылға айналған.

Осы көшенің тұрғыны Айдана Мұхаметхан мұны күнделікті басты проблемаға айналған деп отыр:

– Көлікпен бас жолға шығу мүмкін емес. Алдымен көлікті тротуардан асырып барып, жолдың жартысына шыққанда ғана қарсы бағыттағы машиналарды көресің. Соның кесірінен талай апат болды. Жол мүлде көрінбейді, – дейді ол.

Шынында да қызметтік көлікпен көлденең жолға шығып байқағанымызда, қара түсті қоршаудың ар жағында келе жатқан көлікті көру мүмкін болмады.
Бұл сөзді ауыл тұрғыны Дәурен Төлепберген де қуаттап:

– Жақында ғана әріптесім осы жерде соқтығыса жаздады. Оның үстіне, осы көшеде жол белгілері жоқ, жылдамдық шектеулері қойылмаған. Қоршаулардың өзі майысып, қисайып кеткен, – деп ашынады ол.

Ауыл тұрғындарынан өзге, сырттан келетін адамдар да бұл жағдайды баса назар аудару керектігін айтады. Мәселен, көрші ауылдан қатынап істейтін Аманжол Өмірханов та осындай жағдайға куә:

– Өз көзіммен «Camry 30» көлігі мотоциклге соғылғанын көрдім. Құдай сақтап, зардапсыз аяқталды. Бірақ мұндай жағдай жиі қайталанып отыр. Адам шығыны болмай тұрғанда, дер кезінде ушықтырмай, мына қоршауларды алып тастаса дұрыс болатын еді, – дейді ол.

Ауыл әкімі Айдос Қасиевтің айтуынша, мәселе облыстық маңызы бар жолға қатысты болғандықтан, шешім қабылдау да облыстық басқарманың құзырында. Басқарма өкілдері қараша айына дейін қоршаудың жартысын яғни бір бөлігін кесіп алып, жолдың көрінуін қамтамасыз етеміз деп уәде беріпті.

Алайда Сүйінбай көшесіндегі қоршау ғана емес, ауылдың өзге көшелеріндегі тазалық та алаңдатады. Мәселен, Мақатаев көшесінің шығаберісінде жол бойы қоқысқа толып, өлексе сасып жатыр. Әкімдіктің сөзінше, арнайы ДТ маркалы жүк көлігі қоқыс үйінділерін тазалап отырады. Бірақ кейбір тұрғындар әлі күнге дейін тұрмыстық қалдықтарын жол жиегіне төгіп кететін көрінеді. Алдағы уақытта бұл тәртіпсіздіктің алдын алу үшін ауылда төрт жерге бейнебақылау камерасы орнатылмақ.

Қоршаудан туындаған жол қауіпсіздігі мен көшенің қоқысқа толуы – ауыл тұрғындарының күнделікті өмір сапасын төмендетіп отырған өзекті мәселе. Жауапты мекемелер уәде еткендей нақты әрекетке көшсе, халықтың жанайғайы да азаяр еді. Әйтпесе, бұл проблемалар ертеңгі күні үлкен апатқа ұласуы мүмкін.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.