Талдықорған: +24°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Басқарудың жаңа әдісі

16.09.2025
КҮНДЕРЕК
Басқарудың жаңа әдісі
WhatsAppTelegramFacebook

Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде «Мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы басты бағыт – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту» тақырыбында мәжіліс өтті. Жиында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Темірбаев пен «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры Жәнібек Баймулдинов баяндама жасап, өңірдің осы саладағы жетістіктері мен алдағы жоспарларын таныстырды.

Спикерлердің айтуынша, Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, цифрлық технологиялар уақытша үрдіс емес, мемлекеттік басқаруды заманауи арнаға бұратын негізгі бағыт. Бүгінде облыс тұрғындарының 98 пайыздан астамы мемлекеттік қызметті электрондық форматта алады. Бұл бюрократиялық кедергілерді азайтып, өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік берген.

«i-Jetisu» және «SmartGeoHub» жобалары арқылы азаматтар қажетті қызметтерге онлайн қол жеткізіп, қалалық процестерді қашықтан бақылап отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 58 түрлі кейсті қамтитын ахуалдық орталық іске қосылып, нақты уақыт режимінде басқару мүмкіндігі артты.
Цифрлық дамудың тағы бір өзегі – инфрақұрылым. Облыстағы 315 мектеп түгелдей интернетке қосылған. Оның ішінде 204 білім ошағы талшықты-оптикалық байланыс желісін, 43 мектеп Starlink спутниктік жүйесін, 68 мектеп радиокөпірді пайдаланады. Бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жойып, оқушыларға тең мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда 356 елді мекеннің 340-ы интернетпен қамтылған. Ал қалған 16 ауыл 2027 жылға дейін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында қосылады. Сонымен бірге, 158 ауылға ТОБЖ тарту, 15 елді мекенде OneWeb стансыларын орнату, 165 ауылда «соңғы миля» жобасын енгізу жоспарланған. Талдықорғанда бүгінде 42 5G базалық стансысы жұмыс істеп тұр.

Облыста жасанды интеллект технологиялары да қарқынды енгізілуде. Талдықорған мен Текеліде бет-бейнені танитын 87 интеллектуалды камера орнатылды. Сонымен бірге, 34 АПК кешені (220 камера) автожолдарға, 30 камера Алакөл жағалауына қойылған.

Ал медицина саласында PACS телерадиологиялық жүйесі енгізіліп, оған 16 мекеме қосылды. Бұл – кеселді ерте анықтап, емдеудің сапасын арттыратын маңызды қадам. Жақын уақытта инсультті анықтауда компьютерлік томография нәтижелерін автоматты талдайтын CerebraAI жүйесі іске қосылмақ.
Әлеуметтік салада да цифрлық жобалар жүзеге асуда. Мәселен, Талдықорғанда E-Zhetisu QR жүйесі енгізілді. Оған 16 мемлекеттік және 50 жекеменшік балабақша қосылып, есепте бар, бірақ іс жүзінде келмейтіндерді анықтауға мүмкіндік туды. Бұл қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етіп, жемқорлық тәуекелін азайтады.

Білім беру жүйесінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы 91 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Ал жастардың жаңа технологияларды игеруі үшін Jetisu Digital аймақтық IT-Hub жұмыс істейді. Ашылғалы бері мұнда 2 мыңнан астам адам оқудан өтіп, 124 іс-шара ұйымдастырылды. 2025 жылы тағы 100 іс-шара жоспарланып, соның 64-і қазірдің өзінде жүзеге асты.

Сондай-ақ, облыста цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігіне айналып келеді. Жыл басынан бері «Қызмет 109» бірыңғай байланыс орталығы 10 мыңға жуық өтініш қабылдады. Алдағы уақытта 5 200-ден астам жаңа бейнебақылау камерасы орнатылып, қолданыстағы 800 камера бірыңғай жүйеге біріктіріледі.

– Цифрлық технологиялар – жай ғана процестерді жеңілдету құралы емес, басқарудың жаңа моделі. Бүгінгі нақты нәтижелердің өзі Жетісудың цифрлық болашағының жарқын екенін көрсетеді, – деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Темірбаев.

Жетісу өңірі мектептердің интернетке қосылуынан бастап, интеллектуалды жүйелерді енгізуге дейінгі қадамдарды сәтті жүзеге асырып келеді. Мұның барлығы аймақты заманауи әрі ашық басқару үлгісіне жақындатып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

09.07.2026
Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.