Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулымен кездесті

10 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулымен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездесті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде облыс әкімі Ха Тэ Ук мырзаны жуырда тағайындалуымен құттықтап, көпжылдық достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты атап өтті:

– Халықтарымыз арасындағы достықтың тамыры тереңде. Бүгінде облыста он мыңға жуық кәріс ұлтының өкілі тұрады, олардың әрқайсысы облыстың дамуына өз үлесін қосып келеді. Бізде кәріс мәдени орталықтары, шығармашылық ұжымдар белсенді жұмыс істейді, кәріс тілі кабинеттері ашылған. Жалпы, Жетісу — қазақ және кәріс халықтарының достығының символына айналған өлке деуге болады, – деді облыс әкімі.

Әңгіме барысында Бейбіт Исабаев өңір дамуының басым бағыттары, яғни ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және баламалы энергия көздеріне тоқталып, корейлік инвесторлармен қарым-қатынас орнатуға ашықтық танытты. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, бірнеше жылдан бері екіжақты меморандум аясында кореялық дәрігерлер Жетісуға келіп, тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп келеді, ал жергілікті мамандар Оңтүстік Кореяның медициналық орталықтарында біліктілігін арттырып жүр.

Өз кезегінде Ха Тэ Ук мырза облыс әкімінің қабылдауында болғанына алғыс білдіріп, корей халқының Жетісу өңіріне және оның халқына деген құрметі мен ілтипатын атап өтті. Сондай-ақ Қаратал ауданының Үштөбе қаласына жасаған сапарынан алған әсерімен бөлісіп, алдағы уақытта да әртүрлі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар ауыл шаруашылығы, соның ішінде смарт-фермалар саласында, сондай-ақ туризм, баламалы энергетика және цифрлық технологиялар бағыттарында ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.