Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады.
«Баяндамаңыз тым созылып кетті ғой. Қысқа да нұсқа баяндау керек. Уақытты үнемдейік», — деді Бектенов.
Бүгін Үкіметтің күн тәртібі — электроэнергетика саласын дамыту және цифрландыру мәселелері.
Қайрат Мақсұтов — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы. Ол «Самұрық-Қазына» қорының құрылымына кіретін Қазақстандағы ең ірі энергия өндіруші компанияны басқарады.





