Талдықорған: +19°C
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Береке бастауы

10.10.2026
КҮНДЕРЕК
Береке бастауы
WhatsAppTelegramFacebook

Бірлік ауылдық округіне қарасты Сүптай ауылында егін шаруашылығын өркендетіп, жердің берекесін арттырып отырған шаруашылықтар бар. Солардың бірі – Бердібек Төлепбергеновтің шаруа қожалығы.

Қожалық иелігіндегі 35 гектар суармалы жерге жыл сайын жүгерінің америкалық «Марко» тұқымын егіп, мол өнім алып келеді. Биыл да диқан егіс жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, агротехникалық талаптарды сақтады. Дақыл уақытылы суарылып, топыраққа қажетті тыңайтқыштар енгізілді. Өсімдік зиянкестеріне қарсы тиісті қорғау шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде жүгері алқабы бітік өсіп, мол өнімнің негізі қаланды.
Енді санаулы күндерден кейін шаруашылық алқабына орақ түседі. Осыған орай қожалықта жиын-терін науқанына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Шаруашылықтың меншігіндегі үш «МТЗ-1221», екі «МТЗ-922» тракторы мен дән тиейтін тіркемелері техникалық байқаудан өткізіліп, науқанға сақадай сай әзірленді. Қожалықтың жеке қырманы да «дала аруының» дәнін қабылдауға дайын.

Техника тізгінін тәжірибелі механизатор- лар – Ержан Сұнұров, Батырхан Иманбаев, Иса Атамқұлов ұстайды. Олар егін жинау кезінде техниканың іркіліссіз жұмыс істеуі үшін машиналардың жай-күйін мұқият тексеріп, қажетті дайындық шараларын жүргізді. Науқандық жұмыстар аяқталғанға дейін жететін мөлшерде дизель отыны да әзірленді.

Егін жинау – жыл бойғы еңбектің нәтижесін көрсететін жауапты кезең. Сондықтан техниканың уақытылы әрі үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше мән береміз. Биылғы өнім көңіл қуантады. Науқанды ұйымшылдықпен өткізіп, өнімді ысырапсыз жинап алуға күш саламыз, – дейді қожалық иесі Бердібек Төлепбергенов.

Бердібектің о бастағы алған мамандығы – радио-теле шебері. Ол бұл мамандықты облыс орталығы Талдықорған қаласындағы кәсіптік училищеде 4 жыл оқып, жетік меңгеріп алған. Сонау өткен ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдарында радио, телевизор және басқа да жазба құралдарын жөндейтін шеберлердің қызметі қызық әрі көпшілікке қалаулы, табысты болатын. Бертін келе күн сайын жөндеуді аса қажет етпейтін озық үлгідегі телевизорлар көбейіп, үн жазба құралдары да жетіліп кетті. Ол енді кәсібін «электр монтері» мамандығына ауыстырып, ауылдастарын жарықпен қамту тірлігіне көшкен болатын.

1998 жылы ағасы марқұм Бекмұхамет інісіне бірігіп жеке шаруа қожалығын құруға ұсыныс тастады. Бастапқыда 15 гектар суармалы жер алып, шаруасын бастаған ағайындылар қожалығы тынымсыз еңбектің арқасында ауылының алдыңғы қатарлы шаруашылығына айналды. Ағайындылар азын-аулақ мал жинап, Сүптайда азық-түлік дүкенін ашып, жыл сайынғы жалпы табыстарының бір бөлігін ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жұмсап, шаруасын жан-жақты дамытқан қордалы қожалыққа айналды. Өкініштісі, қожалықты бастап құрып, басқарып жүрген ағасы Бекмұхамет мезгілсіз қайтыс болып, қожалықтың барлық тіршілігі Бердібектің жауапкершілігіне жүктелді.

Бердібек ауылдастарының жоқ-жітігіне қарайласып жүрген құрметті азамат. Шаруашылықтың тағы бір ерекшелігі – еңбектестеріне науқандық жұмыстар кезінде қолдау көрсетуге әзірлігі. Қожалық механизаторлары Сүптайдағы өзге де жүгері өсірушілерге техникалық жағынан көмек көрсетіп, егін егу, жиын-терін науқандарын қысқа мерзімде әрі сапалы аяқтауға өз үлестерін қосып келеді.

Еңбекті дұрыс ұйымдастырып, техниканы алдын ала әзірлеген шаруашылық үшін алдағы орақ науқанының да берекелі боларына сенім мол.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Дала академигі» дәріптелді

«Дала академигі» дәріптелді

10.10.2026
Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

09.10.2026
Президент: «Біз Тұран жолбарысын қалпына келтіруді көздейтін арнайы бағдарламаны қолға алдық»

Президент: «Біз Тұран жолбарысын қалпына келтіруді көздейтін арнайы бағдарламаны қолға алдық»

09.10.2026
«Алтын-Емел – құландар мекені»:  табиғатпен жүздесуге шақыратын фестиваль

«Алтын-Емел – құландар мекені»: табиғатпен жүздесуге шақыратын фестиваль

09.10.2026
Жаңа Конституция: Ата Заңдағы 10 негізгі өзгеріс

Жаңа Конституция: Ата Заңдағы 10 негізгі өзгеріс

09.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.