Талдықорған: +25°C
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бірлік бар жерде…

22.09.2026
КҮНДЕРЕК
Бірлік бар жерде…
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Орталықтың негізгі міндеті – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларды ерте анықтап, оларға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және тұрмыстық бағытта көмек көрсету.

Жұмыс тобының басты мақсаты – қиын жағдайды асқындырып алмай, мәселені ерте кезеңде анықтап, тиісті көмекті уақытында ұйымдастыру. Мобильді топ мүшесінің барлығы «FSM social» платформасына тіркелген. Осы жүйе арқылы тұрғындардың өтініштері қабылданып, олардың мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

– Әрбір өтініштің артында адам тағдыры тұр. Сондықтан біз келген әрбір сигналға жай ғана есеп ретінде қарамаймыз. Отбасының нақты жағдайын зерделеп, қажет болған жағдайда әлеуметтік, психологиялық немесе құқықтық көмек көрсетудің жолдарын қарастырамыз, – дейді «Жанұя» отбасын қолдау орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Жанай Ерғалиев.

Оның айтуынша, мобильді топ жұмысының тағы бір маңызды бағыты – қауіп-қатер болуы мүмкін жерлерді анықтап, алдын алу шараларын жүргізу. Есептік кезеңде топ мүшелері қираған, құрылыс жұмыстары аяқталмаған және қараусыз қалған бірқатар нысанды аралап, олардың жағдайын зерделеген. Есеболатов ауылдық округі, Таусамал ауылы, Жансүгіров ауылы, Егінсу және Сағакүрес елді мекендеріндегі, сондай-ақ Қапал ауылы аумағындағы бірқатар нысанға мониторинг жүргізілген.

– Біз үшін ең маңыздысы – қиындыққа тап болған адамды жалғыз қалдырмау. Кейде азаматқа мәселенің шешімін табуға бағыт көрсетудің өзі үлкен көмек. Ал кей жағдайда әлеуметтік қызметпен қатар медициналық, құқықтық немесе психологиялық қолдау қажет болады. Осындай кезде тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс істейміз, – дейді Жанай Ерғалиев.

Бүгінде орталықта 19 қызметкер, олардың қатарында әлеуметтік мамандар, заңгер, психологтар халыққа қызмет етеді. Мамандардың әрқайсысы түрлі тағдыр иелерімен жұмыс істеп, азаматтардың қиындықтан шығуына мүмкіндік жасауға күш салуда. Орталық аудандық білім бөлімі, полиция бөлімі, пробация қызметімен және орталық ауруханамен өзара ынтымақтаса жұмыс істейді. Осы мекемелер арасында тиісті меморандумдарға қол қойылып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықбұзушылық профилактикасын күшейту бағытында бірлескен шаралар өткізілуде.

– Адам қандай да бір қиындыққа тап болған кезде көмек сұраудан ұялмауы керек. Біздің мақсатымыз – ешкімді кінәлау емес, мәселенің шешімін бірге іздеу. Қажет болса, азаматты тиісті мекемеге бағыттап, сол жердегі қызметтің қолжетімді болуына ықпал етеміз. Әр отбасының жағдайы әртүрлі болғандықтан біз де әр мәселеге жеке қараймыз, – дейді Жанай Ерғалиев.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халқымыз. Ендеше, қиындыққа тап болған отбасыларға қолдау көрсету, олардың қоғамнан шет қалмауына жағдай жасау – адамдықтың да, азаматтық жауапкершіліктің де көрінісі. «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысы осы міндетті нақты істер арқылы жүзеге асыруға бағытталған.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Қайнар-АКБ» зауыты 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Талдықорғанда «Қайнар-АКБ» зауыты 50 жылдық мерейтойын атап өтті

22.09.2026
Татулықты ту еткен думан

Татулықты ту еткен думан

22.09.2026
2027 жылы студенттердің стипендиясы қанша болады?

2027 жылы студенттердің стипендиясы қанша болады?

22.09.2026
Бірлік бар жерде…

Бірлік бар жерде…

22.09.2026
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеуге цифрлық жүйелерді енгізуде

Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеуге цифрлық жүйелерді енгізуде

22.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.