Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Биыл Жетісу облысындағы колледждерде 13 жаңа мамандық ашылды

11.10.2024
КҮНДЕРЕК
Биыл Жетісу облысындағы колледждерде 13 жаңа мамандық ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысындағы колледждерде еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес жаңа мамандықтар ашылуда. Мәселен, биыл сәулет және құрылыс, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, туризм, ІТ технологиясы және басқа да салалардағы жаңа 13 мамандық оқытылуда.  Жалпы қазіргі кезде өңірдегі коллеждерде 13 мыңнан астам студент білім алады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңіріндегі өнеркәсіп орындарының кадрлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 80 кәсіпорынның өтінімдеріне сәйкес 15 колледжде 25 мамандық бойынша 876 адамды мақсатты даярлау қолға алынады. Соның ішінде биылғы 2024-2025 оқу жылына кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 441 адам қабылданды. Сонымен қатар облыста дуальды оқытуды жүзеге асыратын 14 мемлекеттік колледжде 3324 студент 32 мамандық бойынша білім алады. Бұл ретте 155 кәсіпорынмен 215 келісімшарттар жасалған.

— Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа кәсіптердің аймақтық атластарын қамтитын «Мамандығым – болашағым» бағдарламасын дамыту қолға алынып, оған облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде биыл облыс колледждерінде 13 жаңа мамандық ашылды. Атап айтқанда, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, графикалық жұмыстарды орындаушы, газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі, кран машинисі, автомобиль жөндеу слесарі, наубайшы, тазарту құрылыстарының технологиялық жабдықтарын монтаждаушы, қант өндіру операторы, химиялық талдау зертханашысы, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі, гид мамандықтар оқытылады. Бүгінгі таңда өңірге қажетті мамандықтарды анықтау жұмыстары жалғасуда, оны арнайы құрылған сарапшылардың жұмыс тобы атқарып жатыр, — деді облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіби білім беру бөлімінің басшысы Саят Батырбеков.

Осы ретте жаңа мамандықтар ашқан колледждердің қатарында  «Жетісу» құрылыс-техникалық колледжі де бар. Мұнда биыл тұңғыш рет «Сәулет» мамандығы оқытыла бастады. Бұл қадамды еңбек нарығын жете зерттеудің нәтижесі деуге болады.

— Бүгінгі күні облыста сәулет және дизайн бағытында білікті мамандар жетіспейтіні анықталды. Осыған орай бізде қазір «Сәулет» мамандығының «Графикалық жобалау» біліктілігінде 25 студент білім алуда. Кадрлық құрам білікті оқытушылардан тұрады, соның ішінде өнеркәсіп орындарында тәжірибе жинап келгендер де бар. Оған қоса материалдық-техникалық базамыз да жаңартылды, бір сөзбен айтқанда  кәсіптік мамандықтарды сапалы меңгеріп шығуға барлық мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ алдағы уақытта «Хаус-шебер» мамандығын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл біліктілікте студент электрик, дәнекерлеуші, сантехник сияқты бірнеше кәсіби мамандықты бірге игеріп шыға алады, — дейді колледж директоры Санат Рамазанов.  

 Атап өтсек, бұл колледжде 500-дей студент 9 мамандықты меңгеруде.  Жаңа мамандыққа оқып жүрген студенттердің бірі Альмира Ұзақбай колледжге 9-шы сыныптан кейін түскен.

— Кішкентайымнан сурет салғанды жақсы көретінмін. Сәулетші болуды бала күнімнен армандадым. Осы мамандықты оқып бітіргеннен кейін тұрғын үйлерді, коммерциялық нысандарды жобалауға қатысып, қаланың сәулетіне, ғимараттарды жаңғыртуға өз үлесімді қоссам деймін. Қазір біз цифрлық жобалауды меңгеріп жатырмыз. Бұл мен үшін өте қызық әрі пайдалы, — дейді студент А. Ұзақбай.

Жалпы Жетісу облысында 27 колледж бар, онда 13 213 студент дәріс алады.

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.