Талдықорған: +11°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БӨЛЕКСАЗ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨШЕ-КӨШЕ БОЛЫП ЖАРЫСТЫ

28 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
БӨЛЕКСАЗ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨШЕ-КӨШЕ БОЛЫП ЖАРЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бөлексаз ауылында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «Көше бірлігі – ел бірлігі» атты аналар байқауы болып өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Ұлық мерекеміз Наурыз тойына, көктемнің шуақты шаттықтарына арнап өткізілген бұл байқау ауыл тұрғындарының бірлігі мен берекелі тірлігін паш етті. Атап айтқанда, ауылдағы бес көшенің аналары әртүрлі сынақ бойынша өзара бәсекеге түсті.

Әз аналар, әр көшенің алтын келіндері ұлтымыздың сан ғасырдан келе жатқан салт-дәстүрін ұлықтады. Жөн-жоралғыларын жарқыратты. «Отбасы – бақыт мекені», «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Әкем – асқар тауым», «Анам – өмір мәні», «Бала – бақытым» атты тақырыпта бейне-көріністерін қорғап, альбомдарын алға тартты.

Асыл жандар он саусақтарынан шыққан ою-өрнек, тоқыма бұйымдарын, құрақ көрпелерін жайнатып тастады. Аялы алақандарымен жасаған ұлттық дәм-тағамдарын көрсетті. Жиналған қауым әр көшенің аналары дайындаған ұлтымыздың бесікке бөлеу, тоқымқағар, жарыс қазан, тұсаукесер, сәбидің бауырынан табақ алу секілді жөн-жоралғыларын көріп, риза болды. 

Байқаудың қорытындысы бойынша С.Райымжан көшесінің аналары «Данагөй көше» аталымына, С.Әбдімомынов көшесі «Шежірелі көше», О.Нүсіпов көшесі «Шебер көше», Қ.Әбішұлы көшесі «Өнерлі көше» аталымдарына ие болды. Жамбыл көшесінің намысын ту етіп шыққан Құралай Шөкенова, Орынгүл Жетімекова, Зәуре Нақысбекова, Ажаркүл Ынтыбаева, Рысхан Жұмаділқызы атты ақ келіндері «Үздік көше» аталымына қол жеткізіп, мерей асырды.

Әр көшенің аналары лайықты сый-құрметке бөленді. Он саусағы өнерге толы, аналарды ауыл әкімі Жасұлан Өмірзақов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бақытгүл Көнеева, ауылдағы ақсақалдар алқасының төрағасы Қызай Бейсенов, ауылдағы аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Бабалиева құттықтап, бар жақсылықты тіледі.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Бүгін, 16:30
Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Бүгін, 15:36
Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 15:27
Теректі өзеніне аққу қонды

Теректі өзеніне аққу қонды

Бүгін, 14:00
Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Бүгін, 13:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.