Талдықорған: +27°C
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Болашақ» дебат клубының мүшелері облыстық кубокты жеңіп алды

02.06.2026
КҮНДЕРЕК
«Болашақ» дебат клубының мүшелері облыстық кубокты жеңіп алды

cdanalyk.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі қоғамда дебаттың маңызы ерекше. Жастардың сыни ойлауын дамытып, қоғамдық белсенділігін арттыратын, шешендік қабілеті мен көшбасшылық қасиетін шыңдайтын тиімді алаңда өтетін пікірсайыс кезінде қатысушылар өз ойын нақты дәлелмен қорғап, қарсы тараптың уәжіне сауатты жауап беруге, түрлі көзқарасты салыстырып, қорытынды жасауға үйренеді.

Осы бағытта І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College» басшылығының бастамасымен құрылған «Болашақ» дебат клубы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Клубтың негізгі мақсаты – заман талабына сай ойлайтын, адами құндылықты ұстанатын, қоғамдық өмірге белсене араласатын, жауапкершілігі жоғары жастарды тәрбиелеу.

«Болашақ» дебат клубы студенттерді пікірсайыс мәдениетіне баулып қана қоймай, колледжішілік турнирлер арқылы үздік ойыншыларды анықтап, оларды қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыстырып келеді. Соның нәтижесінде колледж студенттері түрлі додада жүлделі орындарға ие болып, тәжірибе жинақтауда.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 22 қазанда «Taldyqorgan jastary» филиалының ұйымдастыруымен «Jetisý jastary» орталығында Республика күніне орай өткен дебат ойынында «Zhansugurov College»-нің 222 Бқ тобының студенттері Көркем Әбіл мен Жазира Тункелхан ІІ орын иеленді. Ал 107 Иқ тобының студенті Әнуар Төкен «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.

Былтыр 12 желтоқсанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мен «Jetisý jastary» КММ ұйымдастырған «Адалдық менен басталады» атты пікірсайысқа Дильназ Наурызбай, Айнел Байғалиден құралған «Бәйтерек» тобы және Нұрайжан Жапкен мен Кәусар Асылбектен құралған «Эрудит» тобы қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Колледж студенттерінің жетістігі биыл да жалғасын тапты. 2026 жылғы 23 қаңтарда облыстық «Jetisý jastary» орталығы өткізген «Қазақстан Республикасының конституциялық құндылықтары – жастар үшін бағдар» атты дебат турнирінде колледждің құрама командасы жоғары дайындық, құқықтық сауаттылық, нақты аргументация және шешендік қабілет танытып, ІІ орын алып, арнайы диплом және кубокпен марапатталды.

Ал 17 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен «Zhansugurov College» ұйымдастырған «Заң мен Тәртіп» атты облыстық пікірсайыс турнирінде колледж құрамасының ойыншылары Кәусар Асылбек және Айнел Байғали жүлделі І орынды жеңіп алды.

Биыл 22 сәуірде «Jetisý jastary» КММ ұйымдастырған «Саналы таңдау – жарқын болашақ» тақырыбындағы облыстық пікірсайыста «Zhansugurov College»-нің «Білімділер» командасы ІІІ орын иеленді. Бұл турнир жастар арасында құмар ойындарының зияны туралы түсінікті арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағытталды.

Жастар арасындағы пікірсайыс мәдениетін дамыту – білімді, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалыптастырудың тиімді жолы.

Гүлден НАЙМАНБАЕВА,
«Zhansugurov College»-нің «Болашақ» дебат клубының жетекшісі

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

02.06.2026
Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

02.06.2026
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

02.06.2026
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

02.06.2026
Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

02.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.