Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Болашағын ойлаған ел алысқа қарайды

05.06.2018
КҮНДЕРЕК
Болашағын ойлаған ел алысқа қарайды
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер мен жаңарулар жүріп жатқаны мәлім. 2016 жылдан бастап енгізілген жаңартылған білім беру мазмұны оқушы мен мұғалім арасындағы бірлескен қарым-қатынасты реттейтін, бір-біріне ынтымақтастық таныта білетін, білім атты үлкен теңізді бірге бағындыратын, оқушыға шығармашылық мүмкіндік пен өзіндік құзыреттілік дарыта алатын тың бағдарлама екендігі белгілі.

Бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі – критериалды бағалауды енгізуі. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім, ортақ тақырыптар және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда балл, баға қою арқылы өткізіледі.
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды  құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл бағдарламада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым қолданылады. Бұл ретте құзырет жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене  отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. 
Осындай келелі жұмыстарды атқарудағы басты тұлға – мұғалім.              Мұғалімдерді қайта біліктілік курстарынан өткізуді «Өрлеу» БАҰО АҚ мен       Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығы жүзеге асыруда. Мұғалім ұстанымдарын жаңартылған бағдарламаға сай өзгерту аса қиын екендігі белгілі. Алайда жаңалықты жатсынбайтын ұстаздар қауымы бұл өзгерістерді оңтайлы түрде қабылдап, өздерінің іс-тәжірибелеріне енгізуде.
Бұған дәлел, Талдықорған қаласындағы №19 М. Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиясындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен курста тыңдаушылардың атқарып жатқан жұмыстары мен жаңашылдыққа деген құлшыныстары.
Бұл Қазақстандағы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша еніп жатқан бағдарламаның болашағы зор екендігін білдіреді. Болашағын ойлаған ұлт қана жақсылықтан  үміт етіп, алдыға сеніммен қарайды. Сол сенімінің ақталатынына сенеді.

Л. ОРМАНБЕКОВА,
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің БАИ ғылыми-жаратылыстану 
(гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.