Талдықорған: +25°C
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Болмысы бөлек жан еді

01.10.2026
КҮНДЕРЕК
Болмысы бөлек жан еді
WhatsAppTelegramFacebook

Ол дәрігер еді. Жоғары білікті емдеуші дәрігер болатын. Медицина саласында бірқатар жетістікке жетті. Туған ауданы Ақсуда басталған еңбек жолы Талдықорғанда жалғасты. «Қазақстан Республикасы денсаулық саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Ол өз ортасының ұйытқысы еді. Демалыс сәттерінде найзағайдай жарқылдап, достарының арасында жарқын кейіпте жүретін. Жиын тойларда әуелетіп ән салатын. Оның орындауындағы «Нұрикамал» ерекше сазды естілетін. Енді оның қоңыр үні бейнежазбаларда ғана қалды. Өкінішке қарай зейнет демалысына шығып, ұзақ жылғы еңбегінің жемісін, балаларының қызығын молынан көретін жетпіс атты кемел шағында дүниеден озып, Алланың аманат жанын тапсырды.

Уақыттан ұшқыр ешнәрсе жоқ. Күні кеше ғана дүйім жұртымен қоштасқан Салауат Сламжанұлы Сәрсембаевтың қайтқанына бір жыл өте шығыпты. Осы бір жылда көзкөрген әріптестері, достары бас қосса, міндетті түрде Салауаттың есімін айтпай тұра алмайды. Туыстары жүздескенде біріне бауыр, біріне қимас аға болған асыл жанның өршіл болмысын ойға оралтып, жанарлары жасқа шыланады. Зайыбы қосағының кісілігін, балалары әкелерінің мейірімділігін айтып тауыса алмайды.
Бұрындары Сарқанға келген сапарларында ағасы Азамат Сламжанұлының үйіндегі қуаныштарда дидарласып қалатын Салауатпен өткен жазда Талдықорғандағы бір басқосуда кездесіп, жарты сағаттай кеңесуге уақыт таптық. Адам жанының арашашысы болып, өз ісін сүйіп атқарып, ел алғысына бөленген Сәкеңнің қалап алған мамандығына адалдығы әңгімесінен айқын аңғарылып тұрды.

– Дүниедегі ең үлкен бақыт – ел алғысына бөлену, – дейтін Салауаттың әкесі Сламжан ақсақал. Өмірдің өткелінен өткен, тағдыр сынағын қайыспай көтерген әке аманатына адал перзенті мамандық таңдауда, жар таңдауда қателеспепті. Білікті дәрігер болып, жауапкершілігі мол үлкен ұжымды басқарып, науқастардың жазылсам деген үмітін оятып, көпшіліктің алғысын арқалады. Ата-анасының ақ батасымен үйленіп, шаңырақ шаттығын сезініп, зайыбы екеуінің ынтымақты отбасынан Нұрлан мен Абай атты алтын асықтай екі ұл үлкен өмірге қадам басты. Кіші ұлы әке жолын жалғастырды, облыстағы кәсіби деңгейі жоғары алтын қолды хирургтардың сапында.

– Алла әкелерің екеуімізге сендердің қызықтарыңды көрсетті. Оқыттық, тоқыттық. Бүгін бір қауым ел болдыңдар. Немере сүйдік, шөбере сүйдік, шөпшек сүйдік. Сендердің ел азаматы болғандарыңды көрдік. Сендердің алдарыңда алсын, – деп шүкірлік ететін ғасыр жасқа жақындап қалған батыр ана Бибісараның дұға-батасы балаларын келер күнге құлшындыратын.

– Алайда анамызды қайғыға орап Салауат қайтпас сапарға аттанды. Содан бері анамыз сөзден қалды, тұйықталды. Дүниеде ата-анаға баланың жаманатын естіртпесін, – дейді бауырының мезгілсіз қазасына бауыры езіліп жүрген ағасы Азамат Сламжанұлы.

Салауат мектептен соң Алматы мемлекеттік медициналық институтына түсіп, жоғары оқу орнын табысты аяқтады. Біржылдық интернатурадан өтіп, Ақсу ауданының орталық ауруханасына отоларинголог дәрігер болып келді. Көпсалалы емдеуші дәрігер мамандығын алған ол анестезиолог, реаниматолог, лор-дәрігер қызметін атқарып, теория мен практиканы ұштастырды, біліктілігін жетілдірді. Осындай жан-жақтылығымен төңірегіне танылып, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымына көтерілді.

1998 жылы Салауат Сламжанұлы Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалды. Ұйымдастырушылығымен дараланған қырықтың қырқасына енді шыққан жігіт ағасы қысқа мерзімде жұмысын жолға қойып алды. Өкпе дертімен ауыратындарға арналған емханаларда төсек саны ұлғайды. Клиникалық-бактериологиялық зертхана, реанимациялық және емдеу шараларын жүргізетін бөлімшелер ашылды. Облыстық диспансерге қарасты ауданаралық мекемелер емдеу-диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қауіпті дерттің алдын алу, дер кезінде емдеу бағытында санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен тығыз байланыс орнады. Облыстық туберкулезге қарсы қызметті қаржыландыру айтарлықтай өсті.

2007 жылы Салауат Сламжанұлы Қазақстанның туберкулезге қарсы қызметінің жетекші ұйымдастырушыларымен бірге Америкаға іссапарға барды. Осы іргелі елде АҚШ мемлекеттік департаменті ұйымдастырған өкпе дертінің алдын алу және емдеу бағытында үшкүндік семинарға қатысты, таным деңгейін көтерді.

Тұрақты әрі жүйелі түрде медициналық қызметтің сапасын арттыруға ден қойған ол облыстық диспансерді өзі басқарған тұста аяғынан тік тұрғызды. 2004 жылы Бизнес және басқару жоғары институтының шешімімен оның басқаруындағы облыстық туберкулезге қарсы диспансер «INSAM» алтын медалімен марапатталды. 2006 жылы Алматы облысының «Үздік диспансері» атағына ие болды. Осы диспансердің клиникалық-бактериологиялық зертханасы «50 үздік зертхана» санатынан танылды. Мекемеге Орта Азия бойынша үздіктер қатарынан көрінгендігін растайтын сертификат берілді.

Осының бәрі бір күнде емес, жылдармен бірге келген жетістік. Ұзақ жыл бойы атқарған қызметінің жемісін көрген Салауат Сламжанұлының тұрғыластар арасында еңсесі биік еді. Амал не, енді замандасымыздың заңғар биікке жетелеген сергектігін, біліктілігін тек өткен шақта ғана айтамыз.

Жақсылық үшін жаратылған жанның рухы ізін жалғастырушы ұрпақтарының мәнді ісімен бірге жадырап, пейіштен орын алады деп сенеміз. Себебі үлкендеріміз бұл дүниедегі жүзеге асырылған ізгілік өз иесін бақида да демеп жүреді деуші еді…

Жомарт ИГІМАН

Қатысты жаңалықтар

Бабын тапқанға бал да байлық

Бабын тапқанға бал да байлық

01.10.2026
Ұрпақтар сабақтастығы: Жетісулық Жапақовтар әулетінің 207 жылдық ұстаздық жолы

Ұрпақтар сабақтастығы: Жетісулық Жапақовтар әулетінің 207 жылдық ұстаздық жолы

01.10.2026
Болмысы бөлек жан еді

Болмысы бөлек жан еді

01.10.2026
Еңбегі көпке үлгі

Еңбегі көпке үлгі

01.10.2026
Тақымы талмай топтан озған

Тақымы талмай топтан озған

01.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.