Бүгін, 29 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі. Дегенмен, түнде Ақтөбе, Алматы және Атырау қалаларында ауа сапасының нашарлауы ықтимал, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстар (әлсіз жел, тұман, инверсия, ауа тоқырауы). Мұндай кезде ауа ластанып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Синоптиктердің түсіндіруінше, ластану деңгейіне желдің бағыты мен күші, жауын-шашын, ылғалдылық және температура сияқты метеорологиялық факторлар тікелей ықпал етеді.





