Талдықорған: +25°C
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Былтыр «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 105 мектеп салынды

03.02.2025
КҮНДЕРЕК
Былтыр «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 105 мектеп салынды
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», — деді Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев.

2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.

Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық. Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы қарастырылған, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Жайлы мектептердегі ең басты жайлылық —  эргономикалық кеңістіктің құрылуы.

Жайлы мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.

Жайлы мектептің ерекшелігі сонда, әр блокта оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптармен үстел ойындары қойылған.  

Мектептер сонымен қатар заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

Жобаның негізгі міндеттерінің бірі — оқу процесінде жаңа технологиялар мен әдістемелерді меңгерген білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.

Бұдан бөлек, елімізде 510 мың оқушы орнына  арналған 422 мектеп салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.  Бұл 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесін шешіп, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

2024 жылы 80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттырудың тегін курстарынан өтті.

Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын азайту мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бастамалар қарқынды іске асырылуда.

2025 жылы 28 білім беру ұйымдарының құрылысы жалғасуда, ол қосымша 25 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүзеге асырылады.

«Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды. «Мектебі бар ауылда тіршілік бар» деп бекер айтылмаған», — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын аудандық және ауылдық 1000 мектеп жаңғыртылуда.

Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарының 67%-ын (5236 мектеп) аудандық және ауылдық мектептер құрайды, оның ішінде 4 мың мектеп жаңғыртылды.

Таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Реновация мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл шаралар халықтың туған жерінен табан аударып, қалаға жаппай көшу мәселесін де шешеді.

Еліміздің барлық өңірінде жаңа білім беру нысандарын салу арқылы қосымша жұмыс орындары құрылуда, бұл әлеуметтік, экономикалық жағдайды жақсартуға және жалпы құрылыс саласын дамытуға ықпал етеді. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде 5000-ға жуық педагог жұмыспен қамтылды.

Ұлттық жобаның тағы бір маңызды бағыттарының бірі — қазақстандық тауарлар мен қызметтерді өндірушілерді қолдау болып табылады.

Жаңа мектептерге барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді. Бұл ұлттық экономиканы нығайтуға және қазақстандық өндірушілердің жаңа жұмыс орындарын құруына, елдегі экономикалық тұрақтылыққа, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді.

Заманауи форматтағы мектептер барлық қазақстандық балалардың қолжетімді әрі жайлы, қауіпсіз ортада сапалы білім алуына жол ашады.

Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Кедендегі кездесу

Кедендегі кездесу

13.08.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

«Әділет» партиясы Жетісу облысының кәсіпкерлерімен және шаруаларымен кездесті

13.08.2026
Сүйсіндірген сарқырама

Сүйсіндірген сарқырама

13.08.2026
Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

13.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Тарихи белес

13.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.