2025 жылдың қорытындысы бойынша Changan CS55 Plus кроссовері Қазақстандағы қытайлық брендтер арасында ең көп сатылған көлік атанды. Сонымен қатар модель жалпы сатылым бойынша ТОП-10 тізіміне еніп, сегізінші орынды иеленді.
Changan дистрибьюторлық желісінің мәліметінше, бұл нәтиже брендтің Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштерінің бірі саналады.
Қазақстан Автокөлік Одағының дерегіне сәйкес, елдегі автокөлік нарығы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылы Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы 14,4%-ға өсіп, 234 852 данаға жетті.
Нарықта қытайлық брендтердің үлесі де айтарлықтай жоғары. Олардың нарықтағы үлесі 39% деңгейінде сақталғанымен, сатылған көліктер саны артқан. Бәсекелестіктің күшеюі аясында Changan CS55 Plus айқын көшбасшыға айналды. Бір жыл ішінде бұл модельдің 5558 данасы сатылған.
Бұл көрсеткіш Changan брендінің 2022 жылы Astana Motors құрамында Қазақстанда ресми дистрибьюторлық желісін ашқаннан бергі ең жоғары нәтижесі саналады.
CS55 Plus моделінің сұранысқа ие болуына бірнеше фактор әсер еткен. Көліктің заманауи дизайны, жоғары деңгейдегі жабдықталуы және жайлылығы қалалық кроссовер сегментін ұнататын жүргізушілердің көңілінен шыққан. Сонымен қатар модельдің Қазақстанның климаттық және жол жағдайларына бейімделуі де маңызды рөл атқарды.
2025 жылы Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндірістің іске қосылуы да бағаға әсер еткен. Жергілікті өндірістің басталуы Changan көліктерінің құнын төмендетіп, оларды сатып алушылар үшін қолжетімді ете түсті.
Сарапшылардың пікірінше, CS55 Plus моделінің көшбасшы болуы Changan компаниясының Қазақстандағы тиімді стратегиясын және көлік жүргізушілердің технологиялық, жақсы жабдықталған әрі қолжетімді кроссоверлерге деген сұранысының артқанын көрсетеді.
Changan модельдері мен компанияның Қазақстандағы ұсыныстары туралы қосымша ақпаратты changan-auto.kz сайтынан, брендтің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан немесе 7007 нөмірі арқылы білуге болады.




