Талдықорған: +3°C
$ 524.32
€ 609.05
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дала жұмысына сақадай сай

18.03.2025
КҮНДЕРЕК
Дала жұмысына сақадай сай
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінің тынысы ауылшаруашылығына негізделген. Облысқа қарасты Ескелді ауданы осы саланың локомотиві десек те болғандай. Тұрмысын төрт түлік пен егіншілікпен байланыстырған ауданда қазір қызу тірлік. Қыс бойы аудан шаруалары арбасын қамдап әлек. Жер жіпсіп, топырақ қызғаннан бастап дала дүбірге толады. 

Сол дүбірдің үзілмесі үшін бүгінде дала еңбеккерлері ауылшаруашылық техникаларын даярлауда. Дала жұмысына дайындық «Дюсембинов А. К.» қожалығында да қарқынды. Бірнеше ұрпаққа жалғасқан шаруа қожалығы ауданның алдыңғы қатарлы құрылымдары сапында. Егін егумен қатар өңір тұрғындарын ет және сүт өнімдермен қамтамасыз етіп отырған шаруашылықтың дала жұмыстарына дайындық барысын көзбен көріп қайтқан едік.

Шаруа қожалық Бақтыбай ауылдық округінде орналасқанмен аудан көлемінде егін егіп келеді. Іргетасы ондаған жыл бұрын қаланған құрылым отбасылық кәсіпке айналған. Отбасы бастапқыда мал шаруашылығымен айналысса, кейін тынысын кеңейтіп, егіншілікке ден қойып, кейін ауылшаруашылық өнімдерді өңдеуге көшкен. Бұл құрылымның негізін Қасым Дюсембинов 1997 жылы қалапты. Алғашында 30 гектарға дәнді дақыл, кейін тәтті түбір, соя егеді. Сол шақта қожалық меншігінде бір «МТЗ-80» тракторы мен бір жүк көлігі болған екен. Әке қазасынан кейін шаруашылық тізгінін Айдын Дюсембинов ұстап, қуатты құрылымға айналды. Ауылдық округті былай қойғанда аудандағы ірі қожалыққа айналды. Бәрі де есіл еңбек пен төккен тердің арқасында. Оған саланың ыстық-суығына төзе білуге үйреткен әкенің тәлімін қосыңыз. Қажыр-қайрат тағы бар. Осындай жақсы қасиеттерді бойына жиған шаруашылық басшысы білікті сала мамандарын да жанына жия білді. Қажырлы еңбектің өтеуін тек қожалық өкілдері емес, тұтас ауыл һәм аудан көруде.

Бүгінде шаруашылық 500 гектар жерден нәпақа тауып отыр. Осынша суармалы жерге дәнді дақылдар, мал азығын егіп табыс табуда. Мал азығын өсіру арқылы төрт түлік өсіруде тиімділікке қол жеткізген. Нақтырақ айтқанда, мал азығына шығын аз. «Дюсембинов А. К.» шаруа қожалығында ауылшаруашылық техникаларының сан түрі бар. Техникалық паркі де жаңа. Мемлекет тарапынан болған қолдаудың нәтижесінде ескі-құсқыдан құтылып, көп функциялы техникаларға қол жеткізген. Бүгінде қожалық меншігінде «К-700» және «МТЗ-1221» тракторлары, «Вектор» комбайндары, «КамАЗ», жем-шөп жинайтын комбайндар, сепкіштер, соқалар, культиваторлар және басқа да арнайы техникалармен толық. Қожалық жаз бойы төккен тердің өтеуі мол астықты сақтайтын қойма да жасақтаған. Заманауи үлгідегі 2 дән сақтау қоймасы 2000 тонна астықты сақтауға қауқарлы.

Жалпы бұл қожалықта 80 адам нәпақа тауып жүр. Солардың қатарында Руслан Әбділов та бар. Білікті механизатор алты жылдан бері осы жерден табан аудармай еңбек етуде. Айтуынша, шаруашылық басшысының қамқорлығын көргендер жұмыстан кетуді де ойламайды екен.

– Жауын-шашын кезеңі аяқталып, жер дымқылы азайған сәттен дала жұмыстарына кірісеміз. Қазір техникалардың дені «ұлы дүбірге» даяр. Шыны керек, жаңа тракторлар мен комбайндарға көп жөндеу жұмысы керек емес. Май-суын ауыстырып, тек кем-кетігін түзеудеміз. Елдің ырыздығы үшін аянып қалмаспын, – дейді механизатор.

Бүгінде шаруа қожалық уақыт талабына сай озық технологияларды игеруде. Заманауи агротехнологияларды күнделікті тіршілікке арқау етуде. Жұмыс үдерістерін механикаландыру арқылы оң нәтижеге де қол жеткізуде. Сондай оңтайлы жұмыстың нәтижесінде шаруашылық 1000 бас уақ мал мен 500 бас мүйізді ірі қараны күтіп ұстауда. Адам күшін азайту мақсатында механикаландырылған қора-жай да бар.

«Дюсембинов А.К.» шаруа қожалығы тек ауылшаруашылық өнім өндіруші ғана емес, жергілікті фермерлерге қол ұшын созып, шағын шаруаларға жәрдемдесіп жүретін құрылым. Әсіресе, техникасы кемшін шаруалар көктем мен күзде Айдын Дюсембиновке хабарласып, көмек сұрайды. «Қайырымдылық – қайырлы іс» деп ұғатын құрылым басшысы ондайда қарап қалмайды. Сонымен қатар, еңбектен тау тұрғызған азамат Бақтыбай ауылының әлеуметтік ахуалына да септесіп тұрады. Қыста көшелердегі омбы қарды тазартады, жаз және көктемде арықтарды аршуға жәрдемдеседі. Белгілі меценат жуырда ғана жеке қаржысынан 20 шақырым жол жөндеп, ауыл мешітінің ірі демеушісі болды.

«Дюсембинов А. К.» шаруа қожалығы Ескелді ауданының ғана емес, тұтас өңірдің мақтанышы десек те болғандай. Шыны керек,  Айдын  Дюсембинов жүзеге асырып отырған егіншілік пен мал шаруашылығына ұтымды көзқарас, заманауи технологияларды енгізу және дәстүрді құрметтеу шаруашылықтың бәсекеге қабілетті болып қалуына және өңір экономикасына қомақты үлес қосып, тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

Дастанбек САДЫҚ
Фото: Жеңіс ЫСҚАБАЙ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 5000-ға жуық колледж қызметкері біліктілігін арттырды

Елімізде 5000-ға жуық колледж қызметкері біліктілігін арттырды

13.11.2025
Ермұрат Бәпи: «Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін»

Ермұрат Бәпи: «Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін»

13.11.2025
Экономикалық саясаттың жаңа дәуірі: реформалар мен тұрақты даму жолы

Экономикалық саясаттың жаңа дәуірі: реформалар мен тұрақты даму жолы

13.11.2025
Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

13.11.2025
Талдықорғанда жасөспірімдерге бұрынғы есірткі таратушы өз оқиғасын айтып берді

Талдықорғанда жасөспірімдерге бұрынғы есірткі таратушы өз оқиғасын айтып берді

13.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.