Жетісу облысындағы негізгі салалық бағыт – ауыл шаруашылығы. Аталған сала аймақ экономикасы үшін үлкен маңызға ие.
«Sairanbek Agro» ЖШС 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығымен айналысады. Серіктестіктің негізгі қызметі – өсімдік шаруашылығы мен күздік бидай және арпа өсіру. Компания Сарқан ауданы бойынша ірі шаруашылықтардың бірі саналады. Шаруашылықта жалпы алаңы 1 871 шаршы метрді құрайтын база бар. Өсімдік шаруашылығының жұмысын жандандыруға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы техникаларымен де қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік қолдау алу үшін «Даму» қорына жүгінген компания «Forte bank» АҚ-дан жылдық 21,75% несие алды, оның 7%-ын кәсіпкердің өзі төлейді. Ал қалған бөлігін мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдігі бар. Несие негізгі құралдарды толықтыруға берілді. Бүгінде шаруашылықта 20-дан аса адам еңбек етеді. Олардың 10-ы тұрақты жұмыспен қамтылған. Қалғаны маусым кезінде келеді.
А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ
Сарқан ауданы




