Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дәстүрге жол ашқан

15.06.2025
КҮНДЕРЕК
Дәстүрге жол ашқан

Қазақ халқы ғасырлар бойы ұрпағын ата салты, ана өнегесімен тәрбиелеп, рухани құндылықтарды сақтап келген. Алайда кеңестік кезең мен жаһандану дәуірі халқымыздың бірқатар асыл дәстүрін көмескі етті. «Аманат», «бата», «шашу», «қадір-құрмет» сынды ұғымдар ұмытылып, киелі кимешек те көзден бұл-бұл ұшты.

Осы олқылықтың орнын толтырып, ұлттығымызды қайта жаңғыртуда ел ішінде елеулі қозғалыстар бастау алды. Солардың бірі – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылуы. Бұл ұйымның негізін қалаушы – ұлт жанашыры, қайраткер Айнұр Жүгінісова. Ол аналарды біріктіріп, ұлттық тәрбиені, киім мен қолөнерді, отбасылық тәрбие мен ізгі салттарды қайта тірілту жолында жұмыс істеп келеді.

Бірлестік 2021 жылдың 23 қарашасында ресми тіркеліп, бүгінде 21 өңірде филиалын ашты.

Жетісу облыстық филиалы Талдықорған қаласында орналасқан. Оның алғашқы жұмысын жүргізуге журналист, қоғам белсендісі Гүлназ Мұстафа айрықша үлес қосты. Ақ кимешекті аналарды мектеп пен балабақшаға апарып, жас ұрпаққа салт-дәстүрді насихаттау шараларына жұмылдырды. Панфилов және Көксу аудандарында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің филиалдарын ашты. Өткен жылы ақпан айында Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында дін өкілдерімен бірлескен форум өткізді.

Кейін төрайымдық міндетті музыка пәнінің мұғалімі Әсел Алтынбекова жалғастырды. Ол Текелі мен Басши елді мекендеріндегі ақ жаулықты аналармен кездесіп, бірлестіктің мақсат-мүддесін насихаттады. Облыстағы ұйым жұмысына бірлестіктің кеңесшісі, зейнеткер дәрігер Гаухар Сатаева, ұйымдастырушы Манат Алдажарқызы, бас кеңесші Айнакүл Деңгелбайқызы, қазіргі төрайым Мара Оразбаева белсене атсалысып келеді.

Аталған бірлестік аналарды қолөнер, тәрбиелік шаралар, ұлттық рәсімдер арқылы ел өміріне тартуда. Олар балабақша мен мектеп іс-шараларына, облыстық мерекелер мен форумдарға қатысып жүр. Жуырда Талдықорған қаласында бір мезетте 336 баланың тұсауы кесілген ерекше шараға қатысып, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде өткен ұлттық ойындар күнінде жас спортшыларға ақ бата беріп, көк Туды желбіреткен ұрпаққа тілек арнады.

Наурыз мерекесінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев аналарды арнайы құттықтап, батасын алды. Сонымен қатар 125 HIGH SCHOOL мектебі шақырту жасап, аналар мен ақсақалдарды құрметтеп, ұлттық дәстүрге құрылған керемет сахналық қойылымдар ұйымдастырды. Бір үйде келін түсіп, бір үйде тұсау кесіліп, тағы бір үйде бесікке салу рәсімі жасалып, оқушылар ата дәстүрді терең түсініп жеткізді. Ұйым мүшелері осы іс-шаралар арқылы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, жаһандану кезеңінде ұлттық болмысты сақтауға, жаңғыртуға күш салып келеді.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің миссиясы – аналар арқылы ұлтты тәрбиелеу, дәстүрді жаңғырту. Ендеше, ел болашағы үшін бәріміз бірге атсалысайық.

Құралай НАУРЫЗБЕКҚЫЗЫ,
зейнеткер ұстаз
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.