Талдықорған: +20°C
$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дәстүрлі турнир өтеді

01.10.2026
КҮНДЕРЕК
Дәстүрлі турнир өтеді
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің «Өмірдің соңы – өлім. Кімнің кім екені өлген соң белгілі болады» дегені бар. Өлім – ақиқат. Әр адам өлшеп берген ғұмырды сүріп, тиісінше еңбектенеді. Еңбегіне қарай сый-құрмет, сыйластығына сай ілтипат-ізет бұйырады. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында айналасына нұрын шашып, бауырмалдыққа ұмтылғандар бұ дүниеден өтсе де есімін ұмытпай – әр кез ұлықтап жүретін жан табылады. Жыл сайын Шонжыда жасөспірімдер арасында футболдан Кинтал Исламовты еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Дәстүрлі жарыс биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылады. Қоғам белсендісінің көзін көріп, шапағатына бөленіп, бауырында жүрген жақындары Кинтал Бакиұлын бір сәт естен шығарған емес. 

Кинтал Бакиұлы – Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылығын өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан іскер шаруагер, білікті ұйымдастырушы. Ол 1950 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, еңбек жолын Шелек ауылында машина-трактор стансысының механигі болып бастады. Қысқа уақыт ішінде мекеме қарамағында тұрған барлық техниканы жөндеп шықты. Іскерлігімен көзге түскен маман бағаланып, қызметте де жоғарылады. Кинтал Бакиұлы Іле МТС-нің директоры болғанда цехтардың жұмысын жақсартып қана қоймай, ағаш өндірісін күшейтті. Оның басшылығымен Қарадалада 10 мыңға жуық гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге мүмкіндік берген Ақтөбе магистральдық суару каналы тартылды. Жігерлі инженердің еңбегі еленіп, 1959 жылы Ұйғыр аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Шалғай ауданда телефон байланысы орнап, су құбыры тартылып, диірмендер, кірпіш зауыты, стадион салынды. Ет, жүгері, дәнді дақылдар өндірісі өсіп, жүзім шаруашылығы алға жылжыды. Еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, кеңшар директоры болып Алматы облыстық құрылыс материалдары басқармасын басқарды.

– Өмірден 57 жасында қайтқан Кинтал Бакиұлы өзінен кейінгілерге үлгі бола білді. Еңбекті сүйді, адалдықты ту етті, жан-жағына мейірімін төкті, қандай сәт болсын қарапайымдылықтан ажырамады. Оның бастамасымен Алматы – Қалжат жолының бойында 250 артезиан ұңғымасы қазылды. Инженердің табанды еңбегінің жемісі – Ақтөбе суару каналы әлі күнге дейін Ұйғыр ауданының диқандарына қызмет етіп келеді, – дейді Малик Махамдинов.

Өзі еңбекке баулығандар бүгінде елге сыйлы жан болып қалыптасты және ұстаз үйреткен тәлімді, аға көрсеткен жолды ұстанып келеді. Кинтал Бакиұлының есімін ұмытпау мақсатында ұйымдастырылған түрлі шара дәстүрге айналды. Әсіресе жас аладоп шеберлері асыға күтетін республикалық турнир – талай талантты баланың футбол әлемінде есімін қалыптастыруына себепкер болды. Биыл бұл жарыс 6-шы мәрте өтеді. Оған Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облысының жас футболшылары қатысады. Електен өткен, арнайы шақырту алған 8 мектептің командасы өзара мықтыны анықтайды. Оларды ынталандыру мақсатында арнайы жүлделер қарастырылған. Командалық марапаттардан бөлек турнирдің үздік ойыншыларына жеке номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар беріледі. Былтыр турнирге 14 команда (112 спортшы) қатысты. Бұл дәстүрлі турнир көптеген жастың қалыптасуына ықпал етті. Биылғы турнирдің ерекшелігі – допты ұршықша иіретін шеберлердің жеке өнерін бағалау. Допты меңгеру техникасы, үйлесімділік, ептілік, артистизммен ерекшеленгендерге арнайы жүлде бар.

Кинтал Бакиұлын еске алуға арналған дәстүрлі турнир балалардың күнтізбесіндегі ірі жарысқа айналған. «Шонжы ауылы үшін бұл жыл сайынғы республикалық балалар турнирін өткізу – өмірдің маңызды бір бөлігі іспеттес. Алты жыл – бұл тарих. Балалар спортын қолдайтын жандардың және олармен күн сайын жұмыс істейтін бапкерлердің, әр кез демеп отыратын ата-аналардың және футболшылардың арқасында бұл тарих жалғасын табуда», – дейді ұйымдастырушылар. Саналы ғұмырын өңірдің өркендеуіне арнап, сол жолда барын берген Кинтал Бакиұлын еске алуға арналған турнир әлі көптеген ойыншының қалыптасуына себепкер болатындығы анық. Үздіктер тоғысқан сайыс қашанда қызыққа толы, жанкүйерлерге ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

01.10.2026
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Жетісуда жүрек-қан тамырларынан болатын өлім-жітім төмендеді

01.10.2026
Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

01.10.2026
Еліміздегі титулды клуб логотипін өзгертті

Еліміздегі титулды клуб логотипін өзгертті

01.10.2026
Үздік сынып жетекші анықталды

Үздік сынып жетекші анықталды

01.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.