Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Демеушілер марапатталды

Бүгінде Жетісу облысының орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда. Осыған байланысты Талдықорғанның Қала күні қарсаңында шаһар басшысы Ернат Бәзіл аталған шараға ат салысқан бірқатар кәсіпкерлер мен меценаттарға құрмет көрсетті.

10 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Демеушілер марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Басқосуда сөз алған Ернат Дүйсенбекұлы акцияны қолдау тек қайырымдылық қана емес, инклюзивті қоғам құру жолындағы нақты қадам екенін атап өтіп, шара барысында мұқтаж жанұялардан шыққан оқушыларға қолдау көрсеткен 23 демеушіні марапаттады.

– Бұл марапат сіздердің жасаған қайырымдылық істеріңізге деген қоғамның, қала тұрғындарының алғысы. Әр баланың қуанышы мен үміті сіздердің қамқорлықтарыңыздың жемісі. Қайырымдылық бастамасы бір күндік емес, болашаққа бағытталған үлкен жұмыс. Осындай жауапкершілікті сезіне отырып, қамқорлық танытқан әрбір жанға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да осындай ізгі істеріміз бірлесе жалғасын табады деп сенемін, – деді қала әкімі.

Жалпы қайырымдылық – қайырлы іс. Қымбатшылық қысқан бүгінгі таңда мұқтаж жандарға көмек қолын созу әрбір жанның азаматтық борышы. Ал «Мектепке жол»  акциясының басты мақсаты – елдегі әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жан-жақты көмек көрсету.

Мамандардың мәліметінше, биылғы қайырымдылық шарасы аясында Талдықорған қаласы бойынша  7 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілген. Ал бүгінде Жетісу облысының орталығында жалпы әлеуметтік осал топқа жататын 5 647 оқушы бар. Оларды қолдау үшін жалпыға бірдей білім беру қорынан әр балаға 46 228 теңгеден қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, қосымша көмекке мұқтаж 2 мыңнан астам бала мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. «Мектепке жол» респубикалық акциясы аясындағы игі істерге облыстық басқармалар, жергілікті кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, іскер әйелдер кеңесі және басқа да мекемелер мен жеке азаматтар белсенді қол ұшын созған.

                                                                                                                  Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.