Талдықорған: +25°C
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

03.10.2026
КҮНДЕРЕК
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
WhatsAppTelegramFacebook

Күзгі маусымда балалар арасында қандай аурулар жиілейді? Қай белгілер қауіпті саналады? Қызу көтерілгенде не істеу керек? Жарақат алған балаға алғашқы көмекті қалай көрсеткен жөн? Ауа райы күрт өзгерген кезде баланың денсаулығын қалай сақтаймыз? Осы және өзге де сұрақтарға облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінің дәрігері Азамат Сейіткәрім жауап берді.

– Азамат Қайратұлы, күзде балалар арасында қандай аурулар жиілейді?

– Күзде вирустық инфекциялар көбейеді. Атап айтқанда, жедел респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау, парагрипп жиілейді. Олардың асқынуы салдарынан өкпе қабынуы, бронхит сияқты аурулар кездеседі. Реанимацияға көбіне тыныс алу жеткіліксіздігі, ауыр пневмония және бронх демікпесінің асқынуы жағдайындағы балалар түседі.

– Күз келгенде «иммунитет әлсірейді» деп жиі айтамыз. Бұл қаншалықты дұрыс?

– Иммунитет бірден әлсіреп немесе жоғалып кетпейді. Маусымдық кезеңде ауа райы салқындайды, адамдар жабық бөлмелерде көбірек болады, мектеп пен балабақша жұмысы басталады. Адам көп шоғырланған жерде вирустардың таралу мүмкіндігі де артады. Соның салдарынан ағзаға түсетін салмақ көбейеді.

– Қарапайым вирустық инфекция қай кезде қауіпті болуы мүмкін?

– Баланың дем алуы қиындаса, сұйықтық іше алмаса, зәрі азайса, жоғары қызуы бірнеше күн сақталса, құрысу немесе сананың тежелуі байқалса, бұл – инфекцияның асқынып жатқанын көрсететін белгілер. Мұндай жағдайда уақыт жоғалтпау керек.

– Ата-ана қандай белгілерге ерекше мән бергені жөн?

– Баланың тыныс алуы жиілеп, қабырға арасы тартылса, ерні көгерсе, қатты әлсіздік байқалса, оятқанда қиын оянса, қан аралас құсу немесе тоқтамайтын іш өту болса дереу «Жедел жәрдем» шақыру қажет. Мұндай жағдайда «өзі жазылып кетер» деп күтуге болмайды.

– Реанимацияда уақыт қаншалықты маңызды?

– Өте маңызды. Медицинада «алтын сағат» деген ұғым бар. Кейбір шұғыл жағдайларда уақыттың әр минуты маңызды болуы мүмкін. Уақыт ұзарған сайын миға оттегінің жетіспеуі, шоктың тереңдеуі сияқты асқынулар қаупі артады. Ерте жеткізілген бала қажетті көмекті дер кезінде алып, тезірек оңалуы мүмкін. Ал жағдайы асқынып, кеш келген балалардың ұзақ уақыт ем қабылдайтын кездері болады.

– Қызудың өзі қауіпті ме?

– Қызу – ағзаның инфекцияға қарсы қорғаныс реакцияларының бірі. Бірақ жоғары температура құрысу, қатты бас ауруы, бөртпе немесе тыныс алудың бұзылуымен қатар жүрсе, бұл қауіпті белгі. Мұндай жағдайда баланы міндетті түрде дәрігер қарауы керек.

– Ата-аналар өз бетінше антибиотик бермеу керек деп жатады. Себебін түсіндіріңізші.

– Вирустық инфекцияға антибиотик әсер етпейді. Оны орынсыз қолдану ішек микрофлорасының бұзылуына, аллергиялық реакцияларға және басқа да жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Дәрінің дозасын дұрыс сақтамау да қауіпті. Сондықтан антибиотикті тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаған дұрыс.

– Күзде барлық балаға дәрумен беру керек пе?

– Жоқ. Дұрыс әрі құнарлы тамақтанатын балаға тек «иммунитетін көтеру» үшін дәрумендерді өз бетінше бере берудің қажеті жоқ. Дәрумен де – дәрі. Оны қажеттілікке қарай дәрігер тағайындағаны дұрыс.

– D дәруменін профилактика үшін қабылдау мен тапшылығын емдеудің айырмашылығы неде?

– Профилактикалық қабылдау кезінде баланың жасына және қажеттілігіне сәйкес күнделікті мөлшер беріледі. Ал тапшылық анықталған жағдайда емдік доза тағайындалуы мүмкін. Жоғары дозаны өз бетінше қабылдау дұрыс емес. Бұл ағзадағы кальций алмасуына әсер етіп, бүйрекке зиян келтіруі мүмкін.

– Ата-аналар жиі жіберетін қателіктер қандай?

– Ең жиі кездесетіні «өзі жазылып кетеді» деп күту немесе бірден үрейге берілу. Сонымен қатар кейбір ата-аналар дәрігерге баланың бұрын қабылдаған дәрілерін айтпайды немесе басқа маман тағайындаған емді өз бетінше қосады. Бұл емді дұрыс ұйымдастыруға кедергі келтіреді.

– Ата-ананың дұрыс әрі жылдам әрекеті баланың өмірін сақтап қалған жағдайлар кездесе ме?

– Әрине, мұндай жағдайлар көп. Мысалы, анасы баласының тынысы тарылып жатқанын байқап, бірден «Жедел жәрдем» шақырса, бұл дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Баланың тыныс жолына бөгде зат түсіп, тұншығу қаупі туғанда алғашқы көмек көрсете білген ата-аналар да бар. Сондықтан әрбір ата-ана қызу көтерілгенде не істеу керегін, мұрынды дұрыс тазалауды және бала тұншығып қалған жағдайда алғашқы әрекетті білуі керек.

– Баланың тыныс алуы қиындаса, ата-ана алғашқы кезекте не істеуі керек?

– Баланы тыныштандырып, өзіне ыңғайлы қалыпта ұстаған жөн. Киімін босатып, бөлмені желдетуге болады. Мұрын жолдары бітелсе, тазалау қажет. Егер бала ысқырып дем алса, қатты ентіксе немесе тыныс алуы қиындаса, өз бетінше ем қолданбай, «Жедел жәрдем» шақырған дұрыс.

– Күзде ауа райы бірде жылы, бірде салқын болып құбылады. Бұл бала денсаулығына қалай әсер етеді?

– Ауа температурасының күрт өзгеруі өздігінен ауру тудырмайды, бірақ маусымдық вирустық инфекциялар тараған кезде баланың жағдайына әсер етуі мүмкін. Сондықтан баланы тым қалың немесе тым жұқа киіндірмей, ауа райына сәйкес киіндіру керек. Жаңбырлы, желді күні далада ұзақ уақыт жүруден сақ болған жөн. Бірақ ауа райы сәл салқындады екен деп баланы таза ауадан толық шектемеген жөн. Ең алдымен күн тәртібі сақталуы керек. Бала уақытында ұйықтап, дұрыс тамақтануы, жеткілікті сұйықтық ішуі және таза ауада серуендеуі қажет. Үй-жайды жиі желдетіп, қолды сабынмен жууды әдетке айналдырған жөн. Бала тұмауратып тұрса мектепке немесе балабақшаға жібермей, толық сауығуына мүмкіндік берген дұрыс.

– Балалар далада ойнап жүріп түрлі жарақат алып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда ата-ана алғашқы кезекте не істеуі керек?

– Ең алдымен баланы тыныштандырып, жарақаттың қаншалықты ауыр екенін бағалау керек. Жарақаттан қан кетсе, таза дәкемен немесе матамен жарақат орнына абайлап қысым жасап, қан тоқтатуға тырысуға болады. Ал басынан қатты соққы алған, есінен танған, құсқан, қатты ауырып тұрған немесе сүйек сынуы мүмкін деген күдік болған жағдайда баланы орнынан қозғамай, жедел медициналық көмек шақырған дұрыс.

– Ал құлаған кезде басын соғып алса ше?

– Мұндай жарақатқа жеңіл қарауға болмайды. Бала өзін жақсы сезінгенімен кейін жағдайы өзгеруі мүмкін. Қатты бас ауруы, қайталама құсу, әдеттен тыс ұйқышылдық, мінез-құлқының өзгеруі, есінің бұзылуы сияқты белгілер байқалса, дереу медициналық көмек қажет. Жалпы, бас жарақатынан кейін күмән туындаса, дәрігерге көрсеткен дұрыс.

– Мұрыннан қан кеткенде басын шалқайту керек деген түсінік бар. Бұл дұрыс па?

– Мұрыннан қан кеткенде баланы отырғызып, басын сәл алға еңкейткен дұрыс. Мұрынның жұмсақ бөлігін бірнеше минут қысып ұстауға болады. Басын шалқайту дұрыс емес, өйткені қан тамаққа кетуі мүмкін. Қан ұзақ уақыт тоқтамаса немесе бала жарақаттан кейін бір жері қанаса, медициналық көмекке жүгіну керек.

– Нәрестенің жағдайы нашарлағанын қалай білуге болады?

– Нәресте өзінің жағдайын айтып жеткізе алмайды. Сондықтан ата-ана оның мінез-құлқына мұқият қарауы керек. Емшектен бас тартуы, жылауының әлсіз болуы немесе әдеттен тыс үздіксіз жылауы, бозаруы, суық тер басуы сияқты белгілерге назар аудару қажет. Еңбегінің ісінуі де дабыл белгісі болуы мүмкін.

– Баланың әлсіздігі мен ұйқышылдығын кейде ата-ана жай шаршау деп қабылдайды. Оның қауіпті белгі екенін қалай ажыратуға болады?

– Егер бала бұрынғыдай ойнамай, тамақ ішпей, үнемі ұйықтай берсе және оятқанда әлсіз болса, оны жай шаршау деп қабылдауға болмайды. Әсіресе бұл жағдай қызумен қатар жүрсе, дәрігерге қаралу қажет. Мұндай белгілер ағзаның уыттануын көрсетуі мүмкін.

– Балабақшаға баратын бала жылына бірнеше рет ЖРВИ-мен ауырса, бұл қалыпты жағдай ма?

– Балабақша жасындағы балалардың жылына бірнеше рет ЖРВИ-мен ауыруы кездеседі. Бұл олардың инфекциялармен жиі кездесіп, иммундық жүйесінің қалыптасуымен байланысты болуы мүмкін. Бірақ баланың дене қызуы көтеріліп, жөтелі күшейсе немесе жалпы жағдайы нашарласа, оны балабақшаға жібермей, дәрігерге көрсеткен жөн.

– Ата-аналар елемей қалатын, бірақ сізді ерекше алаңдататын белгілер қандай?

– Үш жағдайға ерекше мән берген жөн. Біріншісі – сусыздану, еріннің кебуі, зәрдің азаюы. Екіншісі – тыныс алудың өзгеруі. Үшіншісі – баланың әдеттегі белсенділігінің күрт төмендеуі. Бұрын ойнап жүрген бала бірден немқұрайлы, селсоқ болып қалса, оны жай шаршау деп қабылдамау керек.

– Реанимация дәрігері үшін ең қиын әрі ең бақытты сәттер қандай?

– Ең қиыны – баланың жағдайы ауырлағанын ата-анаға айту. Ал ең бақытты сәт – ауыр халдегі баланың жағдайы түзеліп, жүрек қызметі қалпына келіп, есін жиып, әке-шешесін таныған кез. Ондай сәттердің қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бүгін бес балаға ота жасадым. Соларды үйге барғанда да ойлап жүремін.

– Сұхбатымыздың соңында ата-аналарға айтар ең маңызды кеңесіңіз қандай?

– Баланы бақылаңыздар, оның жағдайындағы өзгерісті ерте байқаңыздар. «Ертеңге дейін жақсы болып қалар» деп уақытты өткізіп алмаңыздар. Күмәндансаңыз, дәрігерге хабарласыңыз. Артық сұрақ қойғаннан ешкім ұтылмайды, ал медициналық көмекке кеш жүгіну қауіпті болуы мүмкін.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жүгерінің түсімі мол

Жүгерінің түсімі мол

03.10.2026
Жиын-терін қарқын алды

Жиын-терін қарқын алды

03.10.2026
Бір рет егіп,  бірнеше жыл өнім ал

Бір рет егіп, бірнеше жыл өнім ал

03.10.2026
Қала күніне арналды

Қала күніне арналды

03.10.2026
Өзгерістер енгізілді

Өзгерістер енгізілді

03.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.