Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Депутаттар тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдады

8 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
Депутаттар тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдады
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданы күн санап көркейіп келеді. Күні кеше ғана берілген блокты-модульді медициналық пункт, спорт алаңдары, жаңарған аудандық стадион аудан халқының игілігіне қызмет көрсетуде.

Жұмыс сапарымен Көксу ауданына барған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов әлеуметтік нысандарды аралап, аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдап, халық  көтерген мәселе аяқсыз қалмайтынына сендірді.

Депутаттар жұмыс сапарын Мұқаншы ауылында таяуда пайдалануға берілген блокты-модульді медициналық пункттен бастады. 108 шаршы метр медициналық пункт тіркелген тұрғындарға алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда акушерлік кресло, төңазытқыш, компьютер, стерилизатор және басқа да медициналық құрал-жабдықтар бар.

346 тұрғыны бар Мұқаншы ауылында 14 жасқа дейін 51 бала бар. Диспансерлік есепте тұратын тұрғындар саны 58. 27 тұрғын жүрек-қан тамыр ауруларымен ауырады. 4 науқас қант диабеті ауруы бойынша, 2 жүкті әйел және 1 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Ауыл халқына 1 орта буын медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Тұрғындарға жылжымалы медициналық кешен арқылы қажетті мамандардан құрылған топ арнайы кесте бойынша ауылға келіп, тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмектің қол жетілімдігін қамтамасыз етеді.

Медициналық пункт жұмысымен танысқан депутаттар болашақта ауылда дәріхана ашу ісін қарастырып, халыққа аурудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сала мамандарына тапсырды. Ауыл тұрғындарының назарын бұқаралық спортқа бұру арқылы денсаулықты қадірлеу керектігін жеткізді.

Мұқаншылық белсенді азаматтар Сенаторларға көгілдір отынмен қамту, көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша өтініштерін жеткізді. Депутаттар тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайтынын айтып, келер жылдары мәселе өз шешімін табатынын жеткізді.

Депутаттар толық реконструкциядан өткен 840 орынды Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионға келді. Заманауи технологиялық талаптарға сай ауыстырылған футбол алаңында  жыл он екі ай үздіксіз доп тебуге жағдай жасалған. Қысты күні қар тазалайтын арнайы техника да алынған.

2021 жылы мамыр айында пайдалануға берілген дене шынықтыру сауықтыру кешенімен танысқан халық қалаулылары мұндай нысан республикада санаулы екенін айтты. Күрес, бокс, ойын және тренажер залында спорттың 13 түрімен айналысуға мүмкіндік көп. Әр залда жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқан болашақ спортшылармен тілдескен депутаттар жастарға ақжарма тілектерін айтып, сәттілік тіледі.

Көксу ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен толық танысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары оң бағасын беріп, жауапты сала мамандарының жұмысына сәттілік тіледі.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Көксу ауданы
Суретті түсірген Руслан Қадыров

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.