Талдықорған: +14°C
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

12.12.2019
КҮНДЕРЕК
"ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Желтоқсан көтерілісіне қатысушылармен кездесу өткізді. Кездесу еркін ауанда өрбіді. Жиын төрағасы Желтоқсандағы жастар толқуы Қазақстанда зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет орнауына жол ашқандығын айтты.

— Біз егемендік алғаннан бері сол жолдан ауытқымай, алға басып келеміз. Бүгін бүкіл әлем Қазақстанды танып, оның жетістігін үлгі етсе, жақсылықта сіздердің де үлестеріңіз қомақты. Сол 1986 жылғы оқиға ұлт тарихында өшпес із қалдырды. Көптеген жастар жазықсыз жазаға кесілді. Соған қарамастан олар әділетсіздікке қарсы тұрды. Ерліктің арқасында тәуелсіздіктің таңы атты, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Расында да, Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухты оятып, кешегі одақтас республикалардың барлығының егемендік алуына мұрындық болды. Жастар бар болғаны әділеттілік, теңдік, тәуелсіздікті қалады. Көтеріліс қазақ халқының ұлттық санасын серпілтіп, тәуелсіздікке қол жеткізуіне оң әсер етті.

Жыл сайын Желтоқсан қозғалысы болған уақыт қарсаңында азаттық жолында құрбандар еске алынып, тағзым етіліп, кездесулер өткізіледі. Бүгінгі шара соның жалғасы. Қазақстан бүгінде экономикасы дамыған, ынтымағы жарасқан елдердің қатарында. Егемендік алғаннан бері сол жолдан ауытқымай, алға басып келеді.

Жетісулықтар 2019 жылды жақсы жетістікпен аяқтағалы отыр. Бұл жөнінде аймақ басшысы биыл облыс өнеркәсібінде 858,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,5 пайызды құрағандығын айтты. Амандық Ғаббасұлының айтуынша, ауылшаруашылығында жалпы өнім 798,5 млрд. теңгені құрап, жетістік еселене түскен. Облыс экономикасына 521,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 46 мың жаңа жұмыс орыны ашылғандығы ауыз толтырып айтатын жаңалық.

— Мұның барлығы тату-тәтті тірліктің жемісі. Осы жақсылық, қуаныштарға жетуге сіздер де зор үлес қостыңыздар. Алдағы уақытта да еліміздің көркейіп, гүлденуі үшін аянбай еңбек ететіндеріңізге сенеміз, – деді ол.

Жиында «Жетісулық желтоқсандықтар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермұхан Жүнісхан сөз алып, облыс тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің жақсарып келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

— Бүгінде Қазақстан экономикасы орныққан, ынтымағы жарасқан еңселі елдер қатарында аталады. Сондай-ақ, өңіріміздің қарқындап дамығаны бәрімізге де белгілі. Облыс бойынша ауыз толтырып айтарлық табыстар өте көп. Ал атқарар міндеттеріміз бен шаруаларымыз бұдан да ауқымды. Ел іргесі бүтін, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мынадай заманда бүгінімізге қанағат, өткенімізге салауат айтамыз, — деді бірлестік төрағасы.

Желтоқсаншы Ләззат Жапашева «Талдықорғанда Желтоқсанға қатысып, шейіт болғандарға тағзым етіп, гүл шоғын қоятын орын болса, ескерткіш орнатылса» деген ұсыныс айтты. Облыс әкімі ұсынысты қабыл алып, «Жастар» саябағындағы Тудың қасына желтоқсаншыларға арнап тақта орнатылатынын жеткізді. Сондай-ақ, желтоқсаншылардың үйіне табиғи газ  қосуда жеңілдік жасалса деген ой айтылды. Ол да субсидия бөліну арқылы шешімін табатын болды.

Жиында ел, жер, елдің болашағы жайлы ойлар ортаға салынды. Сондай-ақ, басты байлық татулықты сақтаудың құндылығы жайлы сыр шертілді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісудың» екінші жеңісі

Уақыт тығыз. «Жетісудың» плей-оффқа дайындығы

01.04.2026
«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

01.04.2026
Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

01.04.2026
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

01.04.2026
Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.