Талдықорған: +33°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Додаға тастүйін дайын

Өткен маусымда чемпиондық жолда қарсыластарының бәрін қоғадай жапырып, өзі қатысқан төрт жарыстың (ел чемпионаты, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогы, Азия чемпиондар лигасы) барлығында жеңімпаз болған «Жетісу» волейбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастап кеткеніне екінші айдан асты. Қазанның алғашқы аптасында бірінші турдың ойындары басталып, сол қарқынмен келер жылы көктемге дейін волейболшыларымыздың ойынына куә боламыз. Өз кезегімізде қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан ұжымдағылармен тілдесіп, жаңа маусымдағы азды-кем өзгерістерге зер салдық.

13.09.2025
КҮНДЕРЕК
Додаға тастүйін дайын
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу» волейбол клубын алда үлкен сын күтіп тұр. Биыл көктемде Филиппинде өткен Азия чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, клубтар арасындағы Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алған. Желтоқсанға жоспарланған жаһан жарысында қазақстандық команда сары құрлықтың намысын қорғайды. Ал оған дейін ел ішіндегі жарыстарда сынға түседі.

«Жетісу» – Азия кубогын төбесіне көтерген Қазақстандағы «Рахат» (2004ж., 2007ж.), «Алтай» (2021ж.) және «Қуаныштан» (2022ж.) кейінгі төртінші команда. Ал бір маусымда ел чемпионатын ұтып, Қазақстанның Суперкубогымен Кубогын жеңіп, қосымша Азиядан алтын алған «Алтайдан» кейінгі екінші команда. Бір қызығы, «Алтайдың» сол жетістігіне тікелей себепші бапкер Марко Гршич дәл осы нәтижесін «Жетісумен» қайталады.

– Дайындық жақсы. Құрамада аздаған өзгерістер бар. Шілденің ортасынан бастап команда Талдықорғанда жаттығып жатыр. Тек Әлем чемпионатына байланысты Украина құрамасының сапында ойнаған Дарья Шаргородская жарысты аяқтап, қатарға енді қосылды. Былтырғы құрамның 90 пайызы қалды. Ресей чемпионатындағы «Енисей» сапында ойнаған тәжірибелі Мария Фролова командамызға келді. Жаттықтырушылар құрамын кеңейтіп, арнайы мамандар шақырттық. Жеңіске жету жолында барымызды саламыз, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді, – дейді команданың бас бапкері Марко Гршич.

Биыл ел чемпионатының жүйесі өзгерді. Осыған дейін бір айда бір тур болған болса, алдағы уақытта кіші және үлкен турдың ойындары болады. «Жетісу» кіші турда «А» тобында «Берел» (Шығыс Қазақстан облысы), «Тұран» (Түркістан облысы) және «Алматы» командаларымен ойнайды.

– Күнделікті екі уақыт жаттығып жатырмыз. Маусымның басталар сәтін өзіміз де тағатсыздана күтіп жүрміз. Биыл да барымызды салып, жеңіс жолында аянып қалмаймыз, – дейді Қазақстан ұлттық құрамасының және «Жетісу» командасының ойыншысы Перизат Нұрбергенова.

«Жетісу» Қазақстан суперкубогын төртінші рет алса, Қазақстан кубогы мен ел чемпионатында тоғыз мәрте жеңіске жетті (Ел чемпионатын ең көп жеңген командалар – «Жетісу» 9 рет, «Рахат» 8 мәрте, «Алтай» 7 рет). Ал Азия кубогының жолында осыған дейін екі рет финалдан қайтқан болса (2010ж., 2013ж.,), биыл алғаш рет топжарды.

– «Жетісу» жеңіс дәстүрін қалыптастырған клуб. Сондықтан да осалдық танытатын тұс жоқ. Осы тұрғыда облыс басшылығының зор қолдауын атап өтуіміз керек. Барлық жағдайды жасап отыр. Балалар волейболы да өңірімізде қарқынды дамып, електен өткендері «Жетісудың» қосалқы құрамына қабылданып жатыр. Алдағы уақытта жанкүйерлерге арнайы экскурсия ұйымдастырып, ойыншыларымызбен шеберлік сағатын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді клубтың директоры Нияз Жантілеуов.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

10.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады

10.07.2026
ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.